Ағаш көшеттері отырғызылды
65 ViewsТазалық – әр адамның жеке жауапкершілігі. Біз өз ауламызды, көшемізді таза ұстасақ, өмір сүру сапасы да айтарлықтай жақсарады. Өткен сенбіде «TazaLike» жобасы шеңберінде «Болашақты…
Бүгінгі таңда елімізде өз кәсібін ашып, адал еңбекпен табыс тауып келе жатқан жандардың қатары артып келеді. Бүгінгі кейіпкеріміз – қайтарымсыз грантқа қол жеткізіп, өз тігін шеберханасын ашқан Құлпынай Нұрланқызы да сондай кәсіпкердің бірі. Ол той-томалаққа арналған әсем себеттер жасаумен айналысады және өз ісіне жан-тәнімен берілген шебер. Құлпынай Нұрланқызы құдалық пен тойларға арналған әдемі себеттер жасап, талай жанның алғысына кенеліп жүр. Кәсіпкер Құлпынайдың еңбегі шынайы еңбекқорлық пен шеберліктің көрінісі. Әр себет оның талғамымен және маңдай терімен жасалады. Кәсібінің қыр-сыры туралы өзінен сұрадық.
– Мен негізі осы тігіннің оқуын бітіргенмін. Магистратураны да тәмамдадым. Кәсіппен айналысуды өзім де мақсат етіп жүргенмін.Мемлекет тарапынан берілетін қайтарымсыз грантты ұтып алып, өз мақсатымды іске асырдым. Қазіргі таңда сұранысқа ие кәсіп деп толығымен айта аламын. Елдің бәрі құдалыққа апарады. Инстаграммен жұмыс істеймін. Қазақстанның түкпір-түкпірінен сұраныстар түседі. Ең бірінші сұранысым – Ақтау қаласынан түскен. Содан бері үздіксіз сұраныстар түсіп жатыр. Қайтарымсыз грант туралы туысқандарымнан естіп, көпбалалы ана болғаннан кейін осы мүмкіндікті пайдаланып, қатысып көрдім. Жоба жасап, ұтып алдым. Қайтарымсыз гранттың қаражатына үлкен лазерлік станокты алдым. Станокпен жазу, оюларын кесеміз. Грантты ұтпай тұрғанда, Таразға кестіріп жасататынмын. Одан кейін тігетін машинка, стекло мен корзинаның бұрыш-бұрышын қайыратын аппарат алдым. Бұл жұмысты жолдасым екеуіміз жасаймыз. Жолдасым ағашын кесіп, каркасын құрып береді. Мен матамен қаптап, өзім сәндеймін. Бір тапсырысқа шамамен 1 апта уақыт кетеді. Жаңадан кәсіп бастағысы келетін адамға кішкентай нәрсенің өзі кәсіп. Оны үлкейтем деп алдына мақсат қою керек. Біз сияқты жаңадан кәсіп бастағандарға қолдау көрсетіп, грант бөлген мемлекетімізге алғысым шексіз – дейді Құлпынай Нұрланқызы.
Көпбалалы ана алдағы уақытта кәсібін кеңейтіп, өзге де бұйымдар тігуді қолға алмақ. Ол еңбексүйгіштігі мен талпынысының арқасында өз ісін жаңа деңгейге көтеруді жоспарлап отыр. Ендеше, кәсіпкер Құлпынайға шығармашылық табыс пен кәсібінің өрлеуін тілейміз. Еңбек адамының әр ісі құрметке лайық.
А. Мұратбекқызы.