Жат ағымдардың жетегіне ермейік!
Жақында Көліктегі ПД Түрксіб станциясындағы желілік полиция бөлімінде Жамбыл облысы әкімдігінің Дін проблемаларын зерттеу орталығының бөлім басшысы Жақыпов Ерзат Жасқанбайұлы және Т.Рысқұлов аудандық әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің теолог маманы Рахимбаев Мейіржан Еркінұлы полиция қызметкерлерімен дін тақырыбында кездесу өткізді. Кездесу барысында діни радикалды жат ағымдардан сақтану жолдары түсіндіріліп, арнайы дәріс өткізілді.
Қанат Үдербаев,
Түрксіб станциясы желілік полиция бөлімінің тәрбие және кадр жұмысы тобының аға инспекторы, полиция майоры.
