Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру

269 Views

ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Т.Рысқұлов аудандық аумақтық инспекциясы 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы «Ветеринария туралы» Заңының 25 бабына сәйкес, жеке және заңды тұлғалардың жануарлар ауруларының, оның iшiнде жануарлар мен адамға ортақ аурулардың алдын алу жөнiндегi негізгі мiндеттерiнің бірі ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді қамтамасыз ету және ветеринариялық мамандардың ветеринариялық іс-шаралар өткізуі кезінде оларға жәрдем көрсету екендігін хабарлай келе төмендегідей ақпаратты жолдайды.
«Ветеринария туралы» заңның 11 бабы 4 тармағы бойынша ауыл шаруа­шылығы жануарларын бірдейлендіруді облыстардың жергілікті атқарушы орган­дары құратын мемлекеттік вете­ринариялық ұйымдар жүргізеді. Яғни біздің ауданда «Жамбыл облысы әкімдігінің Ветеринариялық басқармасы Жамбыл облыстық ветеринариялық станциясы» ШЖҚ КМК-ның Т.Рыс­құлов аудандық ветеринариялық бөлімі жүргізеді.
Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру (сырғалау, таңбалау, чиптеу) Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы №7-1/68 бұйрығымен бекітілген ауыл шаруа­шылығы жануарларын бір­дейлендіру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру – дерекқорға ауыл шаруа­шылығы жануары туралы мәліметтерді енгізіп және ветеринариялық паспорт бере отырып, бірдейлендіруді жүргі­зуге арналған бұйымдарды (құрал­дарды) пайдалану, таңбалау ар­қылы жануарларға жеке нөмір беруді қамтитын жануарларды есепке алу рәсімі болып табылады.
Ауыл шаруашылығы жануар­лары­ның төлі мынадай жасқа жеткен күнінен бастап он төрт жұмыс күнінен кешіктірілмей бірдейлендіріледі:
– бұзаулар, қозылар, лақтар, боталар – туған күнінен бастап жеті күн өткеннен кейін;
– құлындар төрт айлық жасынан бастап (таңбалау кезінде), туған күнінен бастап жеті күн өткеннен кейін (чиптеу кезінде).
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін жеке немесе заңды тұлғалар ветеринариялық ұйымға не портал арқылы өтінім ұсынады.
Мал иесінің өтінішімен деректер қорында тіркелген малдары туралы үзінді көшірме малдәрігерімен беріледі. Құлақ жапсырмалары ағымдағы жылғы төлге тегін салынады. Жылқыға са­лы­­натын чиптер мал иесі есебінен жүргізіледі.
Қазақстан Республикасының ветери­нария саласындағы заңнамасы бұзылған жағдайда Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 406 бабына байланысты әкімшілік айыппұл салынады.

А.Утебаев,
ҚР АШМ ВБҚК Т.Рысқұлов аудандық
аумақтық инспекциясының басшысы.

Поделиться ссылкой: