Мемлекеттік қызмет – абыройлы міндет

113 Views

Құмарық ауылдық округі әкімдігінде 15 мемле­кеттік қызмет көрсетіледі. Биыл наурыздан бастап Қазақстанның электрондық үкімет порталында жекеменшік тұрғын үй құрылысы үшін жер телімін алуға кезекке тұру қызметі іске қосылады.
Енді кәмелет жасына толған әрбір қазақстандық үйден шықпай-ақ, 10 сотық жерге egov.кz арқылы өтінім бере алады. Оның жылжу бары­сын өз бетінше бақылап, жер кезегіне бұдан бұрын берілген өтініштің деректерін өзектендіре алады. Осылайша әрбір қазақстандық алуы тиіс 10 сотық жерді алу ашық болады.
egov.кz порталына кіріп, «жылжымайтын мүлік», «жер қатынастары» бөлімінен «жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесін (10 сотық жер) алуға кезекті қарау немесе кезекке тұру» қызметін таңдау қажет.
Бүгінде порталда өтініштің 3 түрі бар:
– кезекке қою;
– деректерді өзектендіру;
– кезектен шығару.
Егер азамат бұдан бұрын мемлекеттен тегін жер телімін алған болса немесе елді мекенде ЖТҚ үшін бос жер телімі болса, жер кезегіне өтініш бере алмайды. Бос учаскелерді беру жөніндегі шешімді әкімдіктер қабылдайды.
ҚР жер кодексінің 50-бабына сәйкес, Қазақстанның әрбір азаматы жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін (10 сотық жер) тегін алуға құқылы.

Құмарық ауылдық округі әкімінің аппараты.

Поделиться ссылкой: