Жеңіс туы желбіресін!
95 ViewsЖуырда Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай, Тараз қаласындағы «Баласағұн» орталық концерт залында «Жеңіс туы желбіресін!» байқауының гала-концерті өтті. Іс-шараны Жамбыл облысы әкімдігінің қолдауымен облыстық…
Өткен аптада аудан әкімі Ернар Есіркеповтің төрағалығымен өткен жиында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты бірқатар өзекті мәселелер талқыланды.
Күн тәртібінде қозғалған негізгі тақырыптардың бірі – 2024 жылы облыс және аудан әкімінің халықпен кездесулерінде көтерілген мәселелердің орындалу барысы. Бұл туралы жиында аудан әкімі аппаратының басшысы Ернар Құралбаев кеңінен айтып, баяндама жасады. Ол әкімдікке жүктелген іс-шаралар жоспары бойынша атқарылған жұмыстарды саралап, әр мәселенің орындалу деңгейіне тоқталды. Сонымен қатар жиында абаттандыру және санитарлық тазалық жұмыстары, ауылдық округтердегі жасыл желектер аумағын ұлғайту, саябақтар мен көшелердің тазалығы, көктемгі сенбіліктерді өткізу мәселелері талқыланды. Жауапты басшыларға санитарлық талаптарды күшейту, қоқыс алаңдарын ретке келтіру, тазалық шараларын жүйелі жүргізу, ескерткіштер аумағын абаттандыру жөнінде нақты тапсырмалар жүктелді. Жиын барысында аудан әкімі Ернар Серікәліұлы жауапты бөлімдер мен тиісті мекемелерге көтерілген мәселелерді шешу үшін нақты міндеттер жүктеп, атқарылған жұмыстардың нәтижесі қатаң бақылауда болатынын айтты.
Жәнібек Базылбек.