Луговойлықтар да өзекті мәселелерді көтерді

53 Views

Кеше дәл осындай халықпен кездесу жиыны Луговой ауылында өтті. Луговой ауылдық мәдениет үйінде өткен жиын өзге жиналыстардан бөлек форматта өрбіді. Яғни бұл жолы аудан әкімі Ернар Есіркепов көбіне-көп сөздің ретін тұрғындарға беріп, жиын «Сұрақ-жауап» форматында өтті. Тұрғындар қойған сауалдардың реті бойынша аудан басшысы Ернар Серікәліұлы ауданда атқарылып жатқан жүйелі жұмыстардың тізбегін толықтырып, нақты көрсеткіштер бойынша өз ойын ортаға салып отырды.
Кездесуде Луговой ауылының тұрғын­дары денсаулық сақтау сала­сындағы олқылықтарды ашына айтты. Одан бөлек те луговойлықтар электр жарығы, газ, ауылішілік көшеге асфальт төсеу, ауылға УЗИ аппаратын қою, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға мемлекет тарапынан берілетін тегін дәрі-дәрмектердің қолжетімділігін мәселе етіп көтерді.
Әрбір қойылған сауалға реттілігіне қарай тиісті сала басшылары да жауап берді.
Аудан әкімі Ернар Есіркепов те осы жиында көтерілген қордалы мәселелердің барлығын түртіп алып, өз бақылауында ұстайтынын жеткізді. Көтерілген мәселелер бойынша тиісті сала басшыларына да нақты тапсырмалар жүктеді.
Жиын соңынан кейін аудан басшысы Ернар Серікәліұлы азаматтарды жеке сұрақтарымен де қабылдап, қойылған сауал реттілігі бойынша тұрғындарға нақты әрі дәйекті түрде жауап қайырды.

М.Жолдасбекұлы.

Поделиться ссылкой: