Жеңіс туы желбіресін!
95 ViewsЖуырда Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай, Тараз қаласындағы «Баласағұн» орталық концерт залында «Жеңіс туы желбіресін!» байқауының гала-концерті өтті. Іс-шараны Жамбыл облысы әкімдігінің қолдауымен облыстық…
Елімізде «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» деген тұжырымдама бар. Осы тұжырымдаманың негізінде көп мәселенің реті шешіліп жатыр десек, қателеспейміз. Айталық, Луговой ауылындағы Түрксіб теміржолы вокзалына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу мәселесі осыған дейін көп айтылды, жазылды. Шындығын айту керек, кез келген жиналыста Луговой ауылының тұрғындары осы мәселені ұдайы көтеретін. Мінеки, енді бұл мәселе де оң нәтижесін беріп, биыл Түрксіб теміржол вокзалына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілетін болды. Бұған республикалық бюджеттен қаражат бөлініп отыр. Құрылыс жұмыстарын жүргізетін мердігер компания «Интеллект Азия» ЖШС-гі, техникалық қадалағаушы «Boss Строй» ЖШС-гі, авторлық қадағалаушы «BSS Group Engineering» ЖШС-гі. Айта кетейік, аталмыш вокзалдың айналасы да толығымен абаттандырылатын болады.
Кеше облыс әкімінің орынбасары Қанатбек Мәдібек ауданымызға арнайы келіп, аудан әкімі Ернар Есіркеповпен бірге Түрксіб теміржол вокзалына барып, мердігер компания басшылығымен тілдесті. Қанатбек Қайшыбекұлы өз сөзінде аймақ бойынша биыл 5 бірдей вокзалға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілетінін айтты. Сондай-ақ, облыс әкімінің орынбасары осы құрылыс жұмыстарының барлығы сапалы жүргізіліп, дер кезінде аяқталуы қажеттігінде ескертті.
Марат ДИХАНБАЙ.