ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС – ҚОҒАМ ТАЛАБЫ
53 ViewsМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Сыбайлас жемқорлықтың себебі мен шарттарын жоймай онымен күресу, бұл – жел диірменмен алысу. Халық әлдебір шенеуніктің немесе басшының жай…
Соңғы жылдары ауданда кәсіпкерлікке бет бұрған жандардың қатары көбеюде. Солардың бірі – Жарлысу ауылының тұрғыны Азамат Сәмбетқұлов. Ол бүгінде жеңіл көліктерге арналған тіркемелерді құрастырумен тұрақты түрде айналысып келеді.
Қарапайым ауыл тұрғынының кәсібі бүгінде – ауыз толтырып айтарлықтай табыс көзіне айналған.
Алғашқы да кәсіпкер тіркемені өз қажетіне арнап жасап көріпті. Сапалы әрі ыңғайлы өнім көпшіліктің қызығушылығын арттырып, ақырындап тапсырыстар да түсе бастаған. Соңғы бір жылда өз кәсібінің көкжиегін кеңейткен Азаматтың цехында дәл қазір айына 15-20 тіркеме дайындалып, тапсырыс берушілерге жіберілуде.
Бүгінде аталмыш цехте оннан астам ауыл тұрғындары қызмет етуде. Азамат Қадырбекұлы тапсырыстың көптігінен кейде үлгермей жататынын да жасырмады. Өйткені тапсырыс берушіге барлық жағдай жасалған. Кез келген сұранысқа сай сапалы өнім, бөліп төлеу, кепілдік беру, тіпті жеткізу қызметі де бар.
Алғашында бұл тірлікті жалғыз бастаған едім. Айына не болмаса екі айда осындай көлік тіркемелерін жасап жүрдім. Бірте-бірте тапсырыстар түсе бастады. Өзім жасаған көлік тіркемелерімен Алматыға тауар тасымалдап жүрдім. Адамдар қызығып, телефон нөмірімді алып, тапсырыс бере бастады. Содан бұл кәсіпті әбден зерттеп, айла тәсілдерін, кейін қосалқы бөлшектерін оңай арзан түрлерін табуды, қалай тапсырыс беруді үйреніп келіп, осы соңғы 1 жылда жақсы жұмыс жасап жатырмыз. Айына 15-20% шығарып жатырмыз, – дейді кәсіпкер.
Ауыл азаматының өнімі тек ел аумағында ғана саудаланып жатқан жоқ. Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан секілді көрші елдерге де сатылымға шығып жатыр екен. Бірақ, «лицензияның жоқтығы көп нәрсеге қолбайлау болып отыр» дейді кәсіпкер. Дегенмен, бұл мәселені шешу үшін аудан әкімдігі тарапынан түрлі қолдаулар көрсетілуде. Тіпті, жуырда аудан әкімі Ернар Есіркеповтің қолдауымен облыстық басқармаларға барып, кәсіпкер жанға жақын жобасын қорғап келіпті. Егер көтерілген мәселелер оң шешімін тапса, жеке кәсіпкер ай сайын өндірілетін өнімнің санын екі есеге арттыруға мүдделі.
Тынымсыз еңбек пен сүйікті ісіңе деген сүйіспеншілік қарпайым ғана идеяны шынайы іске айналдыра алады. Ауыл мектебінде қарапайым ұстаз болып, қосымша кәсібін дөңгелетіп отырған Азамат Сәмбетқұлов Жарлысудан жаңа өндіріс ошағын ашатынына бек сенімдіміз.
Жәнібек Сұлтан.