Бұл – Советский Бақытжан
31 ViewsБЕЛГІЛІ САТИРИК, ҚАЗАҚСТАН ЖАЗУШЫЛАР ЖӘНЕ ЖУРНАЛИСТЕР ОДАҒЫНЫҢ МҮШЕСІ, «ҚҰРМЕТ» ОРДЕНІНІҢ ИЕГЕРІ БАҚЫТЖАН ӘЛІМҚҰЛОВ БИЫЛ АСҚАРАЛЫ 60 ЖАСҚА ТОЛЫП ОТЫР. ЕҢБЕК ЖОЛЫН 1984 ЖЫЛЫ ЖАМБЫЛ…
Мемлекеттік қызмет өткерудің жағдайлары, оның ішінде мансаптық өсу перспективалары, жеке тұлғаның дамуы, сондай – ақ адами ресурстарды басқару саясаты-мемлекеттік қызметшілердің этикалық мінез-құлқының жоғары стандарттарын белгілеуге ықпал ететін орта құруға сәйкес келуге тиіс.
Сондықтан, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Этикалық кодексі мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлқының келесі стандарттарын анықтайды:
— жалпы стандарттары,
— қызметтен тыс уақыттағы мінез-құлық,
— қызметтік қатынастардағы мінез-құлық,
— көпшілік алдында, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында сөйлеу стандарттары.
Осылайша, мемлекеттік қызметшілер мінез-құлықтың жалпы стандарттарын сақтай отырып:
— адал, әділ, қарапайым болуға, жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын сақтауға, азаматтармен және әріптестерімен қарым-қатынаста сыпайылық пен әдептілік танытуға;
— өздері қабылдайтын шешімдердің заңдылығы мен әділдігін қамтамасыз етуге;
— жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын шешімдерді қабылдаудың ашықтығын қамтамасыз етуге;
— мемлекет мүддесіне нұқсан келтіретін, мемлекеттік органдардың жұмыс істеу тиімділігіне кедергі жасайтын немесе тиімділігін төмендететін іс-әрекеттерге қарсы тұруға;
— өзінің іс-әрекетімен және мінез-құлқымен қоғам тарапынан айтылатын сынға себепкер болмауға, сынағаны үшін қудалауға жол бермеуге, орынды сынды кемшіліктерді жою мен өзінің қызметін жақсарту үшін пайдалануға;
— жеке сипаттағы мәселелерді шешу кезінде мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, мемлекеттік қызметшілер мен өзге де адамдардың қызметіне ықпал ету үшін өзінің қызметтік жағдайын пайдаланбауға;
— қызметтік тәртіпті бұлжытпай сақтауға, өзінің қызметтік міндеттерін адал, бейтарап және сапалы атқаруға, жұмыс уақытын ұтымды және тиімді пайдалануға;
— жасағаны үшін заңнамада тәртіптік, әкімшілік немесе қылмыстық жауаптылық көзделген құқық бұзушылықтар мен теріс қылықтарды жасауға жол бермеуге тиіс.
Этикалық кодекс халықтың мемлекеттік органдарға сенімін нығайтуға, мемлекеттік қызметте өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыруға және мемлекеттік қызметшілердің әдепсіз мінез-құлық жағдайларының алдын алуға бағытталған.
М.Мұхаметрахимов,
Жамбыл облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау
департаментінің басшы орынбасары