Жеңіс туы желбіресін!
95 ViewsЖуырда Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай, Тараз қаласындағы «Баласағұн» орталық концерт залында «Жеңіс туы желбіресін!» байқауының гала-концерті өтті. Іс-шараны Жамбыл облысы әкімдігінің қолдауымен облыстық…
Әскерге бару отан алдындағы борыш қана емес, болашаққа ашылған мүмкіндік. Қазір елімізде әскери борышын өтеген жастарға жоғары оқу орындарында тегін оқуға арнайы гранттар бөлінуде. Осының арқасында тағы бір жерлесіміз грантқа ие болды. Бүгінде әскер қатарында қызмет етіп, үздік нәтиже көрсеткен сарбаздарға «Срочник.2.0» бағдарламасы бойынша білім гранттары табысталады. Бағдарламаның басты артықшылығы – жоғары оқу орындарына емтихансыз түсу мүмкіндігі. Бұл көптеген сарбаздар үшін қабылдау сынақтарына дайындалуға уақыт жұмсамай, қызмет аяқталғаннан кейін бірден оқуды бастаудың нақты мүмкіндігіне айналды.
Жалпы грант иегері атану үшін жауынгер әскери тәртіпті сақтап, оқу-жаттығуда үздік атануы керек. Оқу үлгерімі де озат болғаны абзал. Өйткені әрқайсысына балл қойылып, сол арқылы шешім шығады.
Әскерде жүріп жоғары білім алуға жолдама алғандардың бірі – Әділет Нұрболатұлы. Ол Астана қаласындағы «Айбын» президенттік полкі 0112 әскери бөлімінде борышын өтеп, үздік сарбаздардың қатарынан көріне білді. Әділет алдағы уақытта жоғары оқу орнын жақсы нәтижемен аяқтап, әскери салада жұмыс істеуді және еліне адал қызмет етуді мақсат етіп отыр. – 2024 жылдың сәуір айында әскер қатарына шақырту келді. Сол кезден бері 0112 әскери бөлімінде мемлекеттік күзет қызметінде өзімнің әскери борышымды өтедім. Грант алу туралы мүмкіндікті осы әскери бөлімде медициналық тексеріс өтіп жүріп, әскери қызметкерлерден естідім. Сол жайлы интернеттен мағлұмат іздеп, грантқа түсуге мүмкіншілігім бар екенін білдім. Грант алу үшін қалаған бейіндік пәніңді таңдап, сол бойынша 80 сұрақтық тест тапсыру керек болды. Тек қана білім жағынан емес, тәртіп, спорт жағынан да белсенділік таныту керек. Ротада кезекшілікте тұрған кезде естідім. Жүгіріп барып анама қоңырау шалдым. Осы жақсы хабарды ата-анама айтқанда көзіме жас алдым. Анам батасын берді. Қазіргі жастар әскерге баруға қорқады. Әскердің өзіндік жақсы жақтары бар. Командирлермен жақсы тіл табыса білсең, өзіңді жақсы жақтарыңмен көрсете білсең және спорт жағынан жетістіктерің көп болса, командирлер сені жерде қалдырмайды, – дейді Әділет Нұрболатұлы.
Ақжарқын Мұратбекқызы.