Жеңіс туы желбіресін!
95 ViewsЖуырда Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай, Тараз қаласындағы «Баласағұн» орталық концерт залында «Жеңіс туы желбіресін!» байқауының гала-концерті өтті. Іс-шараны Жамбыл облысы әкімдігінің қолдауымен облыстық…
Жақында Талдықорған қаласында ақын, әнші-сазгер Пышан Желмендеұлының туғанына 140 жыл толуына орай дәстүрлі әншілердің арасында республикалық байқай өтті. Бұл байқауды Жетісу облысы әкімдігінің мәдениет басқармасы мен халық шығармашылығы орталығы бірлесіп ұйымдастырды.
Аталмыш республикалық байқауға Мэлс Өзбеков атындағы аудандық мәдениет үйінің дәстүрлі әншісі Жансая Сәрсенбаева қатысып, ерекше өнерімен көзге түсті. Жансаяның бұл өнерін қазылар алқасы жоғары бағалап, арнайы жүлде табыс етті. Және осы арнайы жүлдемен қатар 250 мың теңгелік ақшалай сыйлықтың сертификатына да ие болды.
Жансая Сәрсенбаева оқушы кезінен бастап, халық әндері мен қазақ халық композиторларының әуелеген есті әндерін ұлттық аспабымыз домбырамен шырқап келеді. Яғни Жансаяның дәстүрлі әнге деген сүйіспеншілігі оқушы кезінен бойына дарыған. Ол ән салғанда арқаланып кетеді. Және кез келген дәстүрлі әнді нақышына келтіре орындайды. Оның осы қырын Талдықорғанда өткен байқаудағы қазылар алқасы да байқап, осы жүлдені табыс еткеніне кәміл сенімдіміз. Өнерің өрге жүзсін, Жансая! Марапатың құтты болсын!
Марат Диханбай.