Ата-аналар мектеп ауласына ағаштар екті
27 ViewsӨткен сәрсенбіде №6 мектеп-гимназиясында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында «Бір отбасы – бір тал» деген тақырыпта іс-шара өтті. Бұл шараға аудан әкімінің орынбасары Бақкелді…
Көктем айында ауылдық округтердің аумағында қоқыс пен құрғақ шөп жану оқиғалары жиілеуде. Осындай жану оқиғалары үлкен өрттерге әкелуі мүмкін. Қураған шөп пен қоқыс өртеу қауіпті. Аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері күн сайын рейдтер жүргізуде. Күнделікті рейд барысында қоқыс жағу фактісі анықталса, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес, әкімшілік іс қозғалады. Ережелерді есте сақтаңыз:
Алау жағу және қалдықтарды өртеу ғимараттардан кемінде 50 метр қашықтықта жүргізілуі тиіс. Өртеу тек арнайы белгіленген жерлерде, бақылаудағы жағдайда жүзеге асырылуы керек. Құрғақ, ыстық желді күндері кез келген от жағуға қатаң тыйым салынады. Қауіпсіздік шараларын сақтайық. Өрттің алдын алу – ортақ міндетіміз!
Аудандық Төтенше Жағдайлар бөлімі.