Табиғатты өрттен сақтайық!

71 Views

Өрт – тілсіз жау. Сондықтан да бұған бей-жай қарауға болмайды. Айтып келмейтін апаттардан сақтану да күн тәртібіндегі басты мәселенің бірі. Сондықтан қай кезде де тілсіз жауға тосқауыл қажет. Күннің күрт ысуына байланысты табиғи өрттердің орын алу қаупі арта түседі. Аптапта ыстық пен қуаңшылық кезеңінде ормандардағы өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаудың маңызы өте зор. Өрттердің көбі орман қорына көршілес орналасқан шаруа қожалықтары және ауыл шаруашылығы ұйымдарына тиесілі шабындықтарда өсімдік қалдықтарын жағу салдарында болады. Сондай-ақ, табиғат аясында демалушылар мен тұрғындардың өрт қауіпсіздігін сақтамауы да түрлі оқиғаларға ұрындырады.
Өрттің де, судың да артында адамның тағдыры тұр. Әсіресе жаз мезгілінде дала ыстықтан, күннен-күнге күйіп барады. Қуаңшылық орын алған жерде өрттің өршитіні бесенеден белгілі. Шөптердің жануына далада жатқан шыны, сынық әйнектердің қызуы, жол бойында автокөліктерден лақтырып кеткен өшірілмеген темекі тұқылдары, найзағай, шөп ору жұмыстарына қатыстырылатын тракторлар мен агрегаттардың жарамды шоқ өшіргішпен жабдықталмауы себеп болуы ықтимал.
Қас-қағым сәтте қалың орманның өзін күлге айналдырып жіберетін өртпен, жазым болса тұңғиығына тартып кететін судың да адам үшін қаупі басым.
«Қазақстан Республикасының орманда­рындағы өрт қауіпсіздігі» ережесіне сәйкес, жас ағаштар, кесілген ағаш қалдықтары мен дайындалған кесілген ағаштар, шөбі қурап қалған жерлер маңайында от жағуға тыйым салынады. Орманды өрттен қорғау – әрбір адамның міндеті.

Махмуд Нұрдаулет,
«Луговой ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2 үлгідегі орман өрт сөндіру станциясының басшысы.

Поделиться ссылкой: