Жеңіс туы желбіресін!
95 ViewsЖуырда Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай, Тараз қаласындағы «Баласағұн» орталық концерт залында «Жеңіс туы желбіресін!» байқауының гала-концерті өтті. Іс-шараны Жамбыл облысы әкімдігінің қолдауымен облыстық…
1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай Мэлс өзбеков атындағы Бүгін аудандық мәдениет үйінде түрлі этнос өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға аудан әкімі ернар есіркепов, аудандық мәслихаттың төрағасы ербол әбутәліпов, зиялы қауым өкілдері, аудан ардагерлері мен жастары қатысты. Шараның басты мақсаты – аудан халқының өзара бірлігі мен ынтымағын арттырып, сол арқылы өңірдің гүлденуіне жол ашу. Жалпы, аудан халқының 93,6%-ын қазақтар құраса, қалған 7%-ын өзге ұлт өкілдері құрайды. Нақтырақ айтқанда, ауданда 20-дан астам этнос өкілі бар. Бүгінде олар тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Басқосуда ұлттық бірлікті сақтау, бірегейлік қағидатын ұстану және қалыптасқан тату тірлікті жалғастыру тақырыптары кеңінен қозғалып, жарасымды әңгіме өрбіді. Аудан басшысы Ернар Серікәліұлы өз сөзінде ауданда атқарылып жатқан жұмыстардың барлығы бірлік пен ынтымақтың арқасында іске асып жатқанын атап өтіп, барша тұрғындарға ерекше алғыс білдірді. Жиында аудандық мәслихат төрағасы Ербол Әбутәліпов, аудандық Қоғамдық кеңестің төрағасы Бейсенбек Әлпейісов, аудандық ардагерлер Кеңесінің төрағасы Қожайхан Бижанов және этномәдени бірлестіктердің өкілдері сөз сөйлеп, бірліктің баға жетпес байлық екенін атап өтті.
Жәнібек Базылбек.