Жеңіс туы желбіресін!
95 ViewsЖуырда Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай, Тараз қаласындағы «Баласағұн» орталық концерт залында «Жеңіс туы желбіресін!» байқауының гала-концерті өтті. Іс-шараны Жамбыл облысы әкімдігінің қолдауымен облыстық…
Жақында Құмарық ауылында саналы ғұмырын ұстаздық қызметке арнаған Бізбаев Айдархан Адасханұлын еске алуға арналған кіші футболдан аудандық жарыс өтті. Жарысқа әр ауылдық округтерден 16 команда келіп, бақ сынады. Жарыстың ашылу рәсіміне Құмарық ауылдық округінің әкімі Болат Мансұр, «Бұқаралық іс-шараларды өткізу орталығының» директоры Жанат Бағылбеков, марқұмның анасы мен бауырлары, бірге қызметтес болған әріптестері қатысып, сөз сөйледі. Айта кетейік, бұл жарысты Құмарық ауылдық округінің спорт нұсқаушысы Сержан Баденов пен Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінің «Шығармашылық мамандықтар» факультеті деканының оқу ісі жөніндегі орынбасары Сауран Мұсабеков пен ауыл жастары бірлесіп, ұйымдастырды. Жарыстың салтанатты ашылу рәсімінде ұйымдастырушылар Айдархан Бізбаевтың анасы Гүлжамал Бізбаеваға құрмет көрсетіп, оның иығына қазақ оюмен әдіптелген шапан жапты.
Жалпы Құмарық ауылында қандай жарыс өтсе де, оның өте жоғары деңгейде өткізілетініне ешқандай күмән жоқ. Себебі ауылда бірлік бар. Аға буын да, орта буын да, жастар да бір-бірін сыйлап, бір-біріне үнемі қолдау көрсетіп жүреді. Бұл жарысты ұйымдастыру барысында да осы тандемнің үйлесім тапқаны көрініп тұрды. Оны жарысқа қатысушы командалардың өкілдері де өз сөздеорінде айтып тұрды.
Нәтижесінде Құмарық ауылында саналы ғұмырын ұстаздық қызметке арнаған Бізбаев Айдархан Адасханұлын еске алуға арналған жарыс жоғары деңгейде өтіп, жүлдегерлер мен жеңімпаз анықталды. Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі үшінші орынды Өрнек ауылының командасы иеленсе, жүлделі екінші орынға ақтық сында ғана Көгершін ауылының жігіттеріне есе жіберген Ақыртөбе ауылының командасы ие болды. Ал жарыстың жеңімпазы Көгершін ауылының командасы болды. Оларға жеңімпаз атанғаны үшін алғыс хатпен қоса, медальдар және 100 мың теңгелік ақшалай сертификат табыс етілді. Екінші орын алған Ақыртөбе ауылының командасына 70 мың теңге, үшінші орын иеленген Өрнек ауылының командасына 50 мың теңге және төртінші орын иеленген Тереңөзек ауылының командасына да 30 мың теңгелік ақшалай сертификат берілді. Жарыстың «Үздік қақпашы» номинациясын Алижан Ахмет, «Үздік шабуылшы» номинациясын Алдияр Әбдіқапар және турнирдің «Үздік ойыншысы» номинациясын Жасұлан Заурбеков иеленді.
Марат Диханбай.