Айбынды армия – ел қорғаны!

38 Views

7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай, аудан әкімі Ернар Есіркепов Луговой әскери гарнизонына арнайы барып, ел тыныштығы мен қауіпсіздігі жолында қызмет етіп жүрген әскери қызметкерлерді кәсіби мерекелерімен құттықтады.
Шара барысында аудан басшысы Ернар Серікәліұлы Отан алдындағы адал қызметі үшін әскери қызметкерлерге зор алғысын білдіріп, үздік сала қызметкерлерін арнайы марапаттады. Сондай-ақ, аудан басшысы бір топ ардагерлер және оқушылармен бірге әскери гарнизонның материалдық-техникалық базасымен танысып, айбынды әскеріміздің қуатымен танысты.
Мерекелік іс-шара Мэлс Өзбеков атындағы аудандық мәдениет үйі өнерпаздарының дайындаған концерттік бағдарламасымен қорытындыланды.
Жәнібек Сұлтан.

Поделиться ссылкой:

Добавить комментарий