Өлеңі – өмірі
27 ViewsАстанадан, облыс орталығынан шалғай ауылда тұрап-ақ, адам баласының рухани күшінің қайыспас қайсарлығын танытып, күйкі тірліктің шаңына көмілмей, көкірегінде тулап жатқан шалқар ойды өлеңмен өрнектеп…
Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін Пікір» жастар қоғамдық бірлестігі аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Аудан тұрғындары арасында этносаралық және конфессиялық келісімді нығайтуға және насихаттауға бағытталған іс-шаралар» тақырыбындағы әлеуметтік жобасын іске асыруда. Жоба аясында аудандық «Достық» үйінде «Біз бірге күштіміз» атты жас этностар арасындағы спорттық жарыс өткізілді. Мақсаты –Қазақстан халқының ынтымағы мен ұлтаралық татулығын одан әрі күшейту, этносаралық және конфессиялық келісімді, ұлтаралық татулықты нығайту, этносаралық қарым-қатынас пен қоғамдық келісімді реттеу болып табылады. Спорттық жарысқа 20-дан аса этнос жастары белсене атсалысып, тартысты ойын өрнегін көрсетті. Жастар қол күресі, тоғыз құмалақ, дойбы ойнап өз бақтарын сынады. Жарыстың соңында жүлделі орын алған жастар марапатталып, сыйлықтар табысталды.
QT – ақпарат.