Өлеңі – өмірі
27 ViewsАстанадан, облыс орталығынан шалғай ауылда тұрап-ақ, адам баласының рухани күшінің қайыспас қайсарлығын танытып, күйкі тірліктің шаңына көмілмей, көкірегінде тулап жатқан шалқар ойды өлеңмен өрнектеп…
Биыл Ұлы Жеңіске – 80 жыл. Осы айтулы датаға орай 9 мамыр күні «Жеңіс» саябағында аудан әкімі Ернар Есіркеповтің қатысуымен Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне арналған ескерткішке гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Шараға аудандық мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңес мүшелері, мекеме қызметкерлері және аудан тұрғындары қатысты. Қатысушылар соғыс жылдарында қаза тапқан майдангерлерді бір минут үнсіздікпен еске алды.
Жеңіс күні еліміздің әрбір азаматы үшін ерекше тарихи маңызы бар мереке. Ұлы Отан соғысына Қазақстаннан 1,2 миллионнан астам азамат майданға аттанса, олардың жартысына жуығы ұрыс даласында ерлікпен қаза тапты. Мәскеу, Сталинград, Ленинград шайқастарынан бастап Берлинге дейін жеткен қаһармандық сапта қазақ жауынгерлері де алдыңғы шепте болды. Ауданымыздан да 6235 азамат майданға аттанып, олардың 3017-сі ұрыс даласында ерлікпен қаза тапты. Олардың есімдері ел жадында мәңгі сақталады.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі.