Антына адал жандар

210 Views

Әлемде бірнеше ардақты да құр­метті мамандықтар бар. Соның бірі – мейіргер. Бүгінгі мейіргер тек қана дәрігер бұйрығын орындаушы ғана емес, ол ойшыл, үнемі ізденісте жүретін тұлға. Мейіргер – өзінің зор еңбегі мен ісін жүргізуге құқығы және кәсіби білімі бар маман.

Мейіргер – денсаулық сақтау саласының негізгі қозғалтқыш күші. Сондықтан науқастарға психологиялық тұрғыдан демеушілік көрсетіп, мейірім­ділік танытып жүрген ақ халатты аб­зал жандардың жан-жақтылығы бү­гін­гі уақыт талабы. Мейіргер өз қызметі барысында ұйым­дастырушылық, ғылыми-зерттеу­шілік, оқытушылық міндеттер сияқты қағи­даттарды басшылыққа ала отырып жұ­мыс жасайды. Бүгінде мейіргер тек дәрігер көмекшісі ғана емес, сонымен қатар өз бетінше ойлап және шешім қабылдай алатын орта медициналық білімді ма­ман. Олай болса денсаулықтың жаршысы, адам өмірінің қорғаушысы, науқастың дертіне дауа сыйлаушы, Гиппократ антын қабылдап, міндетін мінсіз атқарып жүрген барша мейіргерлер қауымын Халықаралық мейіргерлер күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Сіздердің ши­палы алақандарыңызға, мейірімді жүректеріңізге алғысымыз шексіз. Отбасыларыңызға амандық, денде­ріңізге саулық, күш-жігер, баянды бақыт пен жаңа табыстар тілей отырып, кәсіби біліктіліктеріңіздің арқасында биік асулардан көріне беріңіздер деген тілек білдіремін.

Айнұр Кенжебекқызы,
аудандық орталық аурухананың функционалды дәрігері, кәсіподақ ұйымының төрайымы.

Поделиться ссылкой: