Әкелер рухына тағзым
Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай Жақсылық ауылынан Ұлы Отан соғысына аттанып, оралмай қалған боздақтарға және ауыл азаматтарына арналып ауыл мешітінің асханасында құран оқытылды. Ауылдан 80-ге жуық ер азамат отан қорғауға аттанған екен. Оның 47 азаматы елге оралған, ал 33 боздақ майдан даласынан оралмаған. Сұрапыл соғысқа қатысқан азаматтардың үрім-бұтағы осы шараға келіп, құран бағыштап, тағзым етуге қатысты. Соғысқа қатысқан әрбір азаматтың аты-жөні айтылды. Жиын барысында Ұлы Отан соғысына қатысушы Омаров Кәдірқұлдың ұлы Әскербек Омаров, Шажалиев Рахметілданың қызы Жайдаркүл Шажалиева сөз сөйлеп, жүргізіліп жатқан іс-шараның маңызын және әкелерімізге деген тағзым екендігін айтып, алғысын білдірді. Іс-шараны ұйымдастырушы Жақсылық ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Әнуарбек Тұрманбетов, сонымен қатар ауыл жастары Мәулен Мәлкеев, Қажымұрат Байтұманов. Демеушілер Роза Досымайылқызы, Тұрсынбек Досаев, Жомарт Тұрықбаев және бүкіл Ұлы Отан соғысына қатысушылардың ұрпақтары. Іс-шараға Көкдөнен ауылының ақсақалдары және ауылдық округ әкімдігінен де өкілдер қатысты.
«Құлан таңы» ақпарат.
