Өлеңі – өмірі
26 ViewsАстанадан, облыс орталығынан шалғай ауылда тұрап-ақ, адам баласының рухани күшінің қайыспас қайсарлығын танытып, күйкі тірліктің шаңына көмілмей, көкірегінде тулап жатқан шалқар ойды өлеңмен өрнектеп…
ӨМІРБАЯНЫ
Жылқыбай Жұмағалиұлы Кенжеғараев 1992 жылдың 21 мамырында Алғабас ауылында дүниеге келген. Шымкент қаласындағы аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетін «Экономика» мамандығы бойынша бітірген. Білімі – жоғары.
Еңбек жолын 2019 жылы Көкдөнен ауылдық округі әкімі аппаратында ақылы қоғамдық жұмысшы болып бастаған. 2021 жылдары Тұрар Рысқұлов ауданы әкімінің аппаратында «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы бойынша жұмыс жасаған. 2022-2024 жылдары Тереңөзек ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы болып еңбек етті. 2024 жылдан бастап, Тереңөзек ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы болып, жұмыс жасап келеді.
САЙЛАУАЛДЫ
БАҒДАРЛАМАСЫ
Құрметті Ақыртөбе ауылдық округінің тұрғындары, қадірлі сайлаушылар! Егерде Ақыртөбе ауылдық округінің әкімі лауазымына сайланатын болсам, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, ауылдық округ аумағындағы әкім құзыретіне кіретін жұмыстарды жауапкершілікпен атқарып, жергілікті жердегі әлеуметтік-экономикалық даму мен саяси тұрақтылықтың сақталуына, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау бағытында өз білімім мен тәжірибемді жұмсайтын боламын. Өскелең ұрпақтың бойында рухани адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру үшін жастарды қолдауға әрқашан әзірмін. Ақыртөбе ауылында жаңа спорт кешені мен мәдениет нысаны салынып, пайдалануға берілді. Бұл нысандарда қайнаған тіршілік көрінуі тиіс. Осы орайда мен ауыл ақсақалдарымен және ауылдың белсенді азаматтарымен ақылдасып, көптеген іс-шаралар өткізбек ниеттемін. Сондай-ақ, ауыл активінен құрылған қоғамдық кеңес арқылы ауыл жастарының тәртібін қадағалап, қиын мәселелерді бірігіп, ақылдасып шешуді ұйымдастыратын боламын. Аз қамтылған, көп балалы отбасыларды, мүмкіндігі шектеулі жандарды назардан тыс қалдырмай, оларға әрқашан қолдау көрсетуге де әзірмін. Округтің санитарлық тазалығын үнемі бақылауда ұстап, саябақтарды көгалдандыру мен абаттандыру бағытында да жұмыс жасаймын. Қазір көптеген мемлекеттік бағдарламалар бар. Оның тиімді тұстарын ауыл халқы пайдаланғаны жөн. Бұл тұрғыда да іскер әрі бастамашыл жас ретінде тұрғындар арасында нақты түсіндірмелер жүргізіп, олардың осы бағдарламалардан өз сыбағаларын алуға тиісті жұмыстар атқарсам деймін. Бұқаралық спортты тұғындар арасында насихаттай отырып, «Салауатты Қазақстан» азаматтарының қатарын көбейтуге күш салуға тырысамын.
Ауыл жастарының көкейтесті мәселелерін оңтайлы шешіп, жастарды ауылдық жерде тұрақтандырып, Қазақстан Республикасының белсенді патриотын тәрбиелеу үшін, ел болашағы жастармен жұмысты кешенді түрде жүргіземін және жастардың теріс діни ағымдардың ықпалынан, жат қылықтардан аулақ болуына бағыт-бағдар беруді басты назарда ұстайтын боламын.
Құрметті сайлаушылар! Осы айтылған мәселелердің барлығы ұдайы менің назарымда болады. Мен әрдайым көпшілікпен біргемін!
18 мамырда өзіңіздің сайлау учаскеңізге келіп, таңдауыңызды жасаңыз!