Өлеңі – өмірі
27 ViewsАстанадан, облыс орталығынан шалғай ауылда тұрап-ақ, адам баласының рухани күшінің қайыспас қайсарлығын танытып, күйкі тірліктің шаңына көмілмей, көкірегінде тулап жатқан шалқар ойды өлеңмен өрнектеп…
Өмірбаяны
Мият Садырұлы Ибрагимов 1971 жылдың 1 қаңтарында Қызылшаруа ауылында дүниеге келген. 1977-1987 жылдар аралығында Қызылшаруа орта мектебінде оқыған. 1987-1990 жылдары «Қазақстан» колхозында әр түрлі салада жұмысшы болып қызмет еткен. 1988-1990 жылдары Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің «Математика және информатика» факультетінің сыртқы бөлімінде оқыған. 1990 жылы күндізгі бөліміне ауысып, 1994 жылы осы аталған университеттің күндізгі бөлімінде оқып, бітіріп шыққан. 1994-2003 жылдары Қызылшаруа орта мектебінде, М.Горький орта мектебінде математика пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеген. 2003 жылдың 25 тамызында Тұрар Рысқұлов аудандық балалар мен жасөспірімдер орталығы жаңадан ашылып, 2003 жылдан 2006 жылға дейін балалар мен жасөспірімдер орталығының директоры қызметін атқарған. 2006-2011 жылдар аралығында ауылшаруашылық саласында жеке кәсіппен айналысқан. 2011-2020 жылдар аралығында балалар мен жасөспірімдер орталығында директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болып қызмет етті. 2020 жылдан бері Қызылшаруа ауылында №3 шағын орталықты орта мектебінде директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары болып қызмет етіп келеді.
Сайлауалды бағдарламасы
Құрметті Қорағаты ауылының тұрғындары! Қорағаты ауылдық округі әкімінің лауазымына тағайындалған жағдайда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауларын басшылыққа ала отырып, халықтың әл-ауқатының жақсара түсуіне және экономикасының өркендеуіне атсалысамын. Ауыл – қазақтың рухани бесігі. Оны дамыту – бәріміздің ортақ міндетіміз. Біздің аймақ негізінен ауылшаруашылығымен шұғылданады. Осы бағытта нақты жобалар ұсынып, тиісті органдармен бірлесіп жұмыс істеп, ауылдағы кәсіпкерлікті қолдап, жас кәсіпкерлерге шағын және орта бизнеске жеңілдетілген несие алуға көмектесіп, ауыл экономикасын жандандыруға және білім, денсаулық, мәдениет және спорт салаларына білікті мамандарды ауылға тартып, оларға жағдай жасауға ықпал етемін.
Су, жол, жарық, интернет сияқты инфрақұрылымды дамыту кезек күттірмейтін мәселе. Заманауи инфрақұрылым болмаса, ауылда өмір сүру сапасы төмендеп, жастар қалаға көшуін тоқтатпайды. Ауылда халықтың тұрақтауына және жастардың қызығушылығын арттыруға бағытталған жүйелі жұмыстар жүргізілмесе, ауыл босап, тіршілік тоқырауға ұшырайды. Бүгінде негізгі мәселе – тұрғындардың қалаға көшуі. Бұл үрдісті тоқтатып, ауылды тартымды ету үшін ең алдымен тұрақты табыс көзін қалыптастыру мақсатында ауылда экономиканы жандандырудың ең тиімді жолы – кәсіпкерлікті дамыту. Ауыл ақсақалдарынан және белсенді азаматтардан құрылған жергілікті қоғамдастықпен ақылдаса отырып, ауыл мәселелерін шешуді ұйымдастырамын. «Ауыл аманаты» жобасын Қорағаты ауылдық округінде жүзеге асыру мақсатында орта және шағын кәсіпкерлікті дамытуға көмек беремін. Қорағаты ауылдық округіне қарасты Аққайнар, Тойқұдық, Мамыртөбе ауылдарының, Қорағаты кентінің көшелерін асфальттауға, жарықтандыруға, газ құбырларын жүргізіп, газбен қамтамасыз етуге ықпал етемін. Мені қолдасаңыздар, Қорағаты ауылына дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салуға, Қорағаты ауылын көркейтіп, айналаның бәрін абаттандыру, көгалдандыру жұмыстарын қолға алып, қоршаған ортаға қамқорлық жасап, экологиялық бастамаларды жүзеге асырар едім.
Құрметті сайлаушылар! 2025 жылдың 18 мамырында өзіңіздің сайлау учаскеңізге келіп, таңдауыңызды жасаңыз!