Айару үздіктер қатарынан көрінді
41 ViewsЖуырда Алматы қаласында республикалық «Ауыл спорты» ойындары өтті. Бірінші іріктеу кезеңі әр облыста ұйымдастырылып, жарыс спорттың 7 түрінен өтті. Оған 300 ауылдан шамамен 10 000…

Ауылымызға ғана емес, күллі Алаш жұртына есімі мәшһүр абыройлы азамат Сайрамбай Дөненбаевтың омырауына Тәуелсіздігіміздің 27 жылдығы қарсаңында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстанның Еңбек Ері» төсбелгісін таққан болатын. Шыны керек, Арқа төсінен осынау қуанышты жаңалықты естігенде, жарлысулықтар шын пейілдерімен риза болысты. Өйткені, қарапайымдылықты басты ұстанымына балайтын Сайрамбай Әліқұлұлы аталмыш марапатқа әбден лайықты тұлғалардың бірегейі.
Жаңа жыл мерекесіне орай, Қазақстанның Еңбек Ері Сайрамбай Дөненбаев республикалық «Тілектер шыршасы» акциясына қолдау білдіріп, мектепалды даярлықпен 5 сынып аралығындағы 156 балаға мерекелік сыйлық табыс етті. Өз кезегінде жас бүлдіршіндер мен олардың ата-аналары мерекелік сыйлыққа шын көңілдерімен қуанып, ауыл мақтанышының еңбегі еселене беруіне тілектес екендіктерін жеткізді.
Кенжебек УСТЕМИРОВ,
А.Шынасылов атындағы шағын орталықты
орта мектептің әлеуметтік педагогы.