Бұл шеберлік сабағы өзгелерден ерек болды
109 ViewsАудандық ардагерлер Кеңесінің жанынан құрылған аналар кеңесі көптеген бастамаларға себепші болып жүргенін біз ұдайы айтып келеміз. Газетімізде де аудандық аналар кеңесінің қолдауымен бала тәрбиелеу…

Аудандық мәдениет үйінің «Рухани жаңғыру» жобалық офисінде облыс әкімдігі Тілдерді дамыту басқармасы тілдерді дамыту орталығының Меркі аудандық бөлімшесінің меңгерушісі Алтынай Сейітованың ұйымдастыруымен «Қазақ тілі емлесінің негізгі ережелерінің жобасын қоғам арасында талқылауға арналған көмекші құрал» атты жиын болып өтті. Мектеп ұстаздары мен БАҚ өкілдері қатысқан дөңгелек үстел отырысын аудан әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Ренат Сартаев ашып, жүргізіп отырды.
Жиында талқыланған басты мәселенің бірі латын графикасына негізделген қазақ әліпбиі болды. Бұл жөнінде жиын модераторы Ренат Қанатұлы өз ойын ортаға салып, қоғам арасында қызу талқыға түсіп жатқан басты тақырыптардың бірі әліпби мәселесі екендігін айтты. Содан соң, жаңа қаріптің үшінші нұсқасы төнірегінде Алтынай Сейітова мазмұнды баяндама оқып, орын алған өзгерістердің жай-жапсарын дәйекті мысалдар арқылы түсіндіріп берді. Дөңгелек үстел барысында ұстаздар қауымы жаңа қаріп турасында пікір білдіріп, «і» мен «й» әрпіне келгенде біраз абдырап қалатындарын жеткізді. Ұстаздар сауалының орынды екенін ескерген Алтынай Сейітова бұған сан түрлі деректерді қозғап, көкейге қонымды жауап қайырды.
Марат ЖОЛДАСБЕКҰЛЫ.