Өлеңі – өмірі
27 ViewsАстанадан, облыс орталығынан шалғай ауылда тұрап-ақ, адам баласының рухани күшінің қайыспас қайсарлығын танытып, күйкі тірліктің шаңына көмілмей, көкірегінде тулап жатқан шалқар ойды өлеңмен өрнектеп…
Құрметті Т.Рысқұлов ауданының тұрғындары! Сіздерге Қазақстан Республикасының 2018 жылғы 27 желтоқсандағы №204-VI ҚРЗ. Табиғи монополиялар туралы заңының 27 бабына сәйкес, жаппай СЕҚ (су есептегіш құралы) орнату керек екендігін ескертеді. Сонымен қатар алдағы жаз айларында ауыз су тапшылығының алдын алу мақсатында жаппай су есептегіш құралы орнатылып, пломба қойылу керек.
Біріншіден, есептеу құралы бар болған жағдайда, сіз тек іс жүзінде қолданылған су үшін төлем жасайтын боласыз. Жекелеген су есептеуішті орнатқаннан кейін су үшін пәтердегі тұрып жатқан барлық тұрғын санына төлеу нормативі бойынша төлем жасамайтын боласыз.
Екіншіден, әдетте, суды үнемдеп пайдаланған жағдайда, оның іс жүзіндегі тұрмыстағы шығыны бекітілген тұтыну нормаларынан әлдеқайда аз болады. Сондықтан есептеуіштерді орнатып, тұрмыста суды тиімді пайдаланған жағдайда, сумен қамту мен су бұру қызметі үшін төлем жасауда айтарлықтай үнем жасауға болады.
Үшіншіден, есептеу құралдары орнатылған жағдайда су тұтыну көлемі азаятындығын көптеген деректер растайды.
«Таза Су-2014» ШЖҚ КМК.