Қорағаты ауылдық округінің әкімі лауазымына үміткер Тимур Берікұлы Атабаевтың өмірбаяны мен сайлауалды бағдарламасы

61 Views

ӨМІРБАЯНЫ
Тимур Берікұлы Атабаев 1988 жылдың 9 маусымында Каменка ауылында дүниеге келген. Тараз қаласындағы Жамбыл гуманитарлық университетін «Қаржы» мамандығы бойынша бітірген. Білімі – жоғары.
Еңбек жолын 2009-2010 жылдар аралығында Тұрар Рысқұлов ауданы әкімдігі ауыл шаруашылығы бөлімінде «Жастар тәжірибесі» бойынша білімін ұштастырушы болып бастаған. 2013-2015 жылдары Луговой ауылдық округі әкімі аппаратында келісімшарт негізінде әскери есеп столы маманы болып жұмыс жасаған. 2015 жылдан қазіргі уақытқа дейін Луговой ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы болып қызмет атқарып келеді.
Отбасылы. 4 бала тәрбиелеп, өсіріп отыр.
САЙЛАУАЛДЫ
БАҒДАРЛАМАСЫ
Құрметті Қорағаты ауылдық округінің тұрғындары! Мен мемлекеттік қызметте жұмыс жасап жүрген азаматпын. Бұл сала маған таңсық емес. Сондықтан Қорағаты ауылдық округінің әкімі лауазымына сайлансам, ауылдық округке қарасты елді мекендерде Қазақстан Республикасы Президентінің саясатын, жарғысын насихаттауға, түсіндіруге бар күшімді әрі жинаған тәжірибемді, білімімді жұмсамақ ниеттемін. Қазақстан Республикасының Ата заңы және Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің, облыс, аудан әкімдерінің қаулыларын, ҚР нормативтік заңдарының сақталуын және орындалуын қамтамасыз етемін.
Менің сайлауалды бағдарла­мамның негізгі бағыттары:
Ауылдық округі әкімінің құзіре­тін пайдалана отырып, округ тұрғын­дарының жағдайын дамыту бағытында тұрақты жұмыс атқару. Уақыт талабына сай жергілікті өзін-өзі басқаруды дамы­ту бағытында жұмыс жасап, жергілікті қауымдастық, ардагерлер кеңесі, отба­сы және әйелдер ісі кеңесі, жастар ісі сияқты қоғамдық ұйымдардың жұмы­сын дамыта отырып, мемлекеттік басқару­дан халықтық басқаруға қол жеткізу. Жергілікті жерде қоғамдық бақылауды енгізу арқылы ауылдағы ахуалға ауыл тұрғындарының ықпа­лын арттыруға қол жеткізу. Төменгі пайызды несиелер арқылы шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту. Мектеп жасындағы және мектепке дейінгі балалардың тәрбиесіне мән бере отырып, олардың жазғы демалысын ұйымдастыру.
Ауыл тұрғындарына әлеуметтік көмек көрсету жұмыстарын қадағалау. Аз қамтылған отбасылардың, қарттар мен мүгедектердің тұрмыс жағдайларын тұрақты түрде назарда ұстау. Мұқтаж жандарға көмек ұйымдастыру.
Ауыл мәдениетінің дамуына, абаттандыру мен көгалдандыру жұмыстарын тұрақты түрде жүргізу.
Құрметті сайлаушылар!
Жаңа Қазақстанда бәрі де әділетті болуға тиіс. Жастайымнан алғыр әрі әділетті болып өскендіктен, мен қызмет барысында да бұл қағиданы берік ұстанатын боламын. Қорағаты ауылдық округі де аудан орталығынан шалғай жатса да, бұл ауылдық округтен жалынды жастардың көп екенінен хабарым бар. Мен әркез жастарды қолдауға әзірмін.
18 мамырда сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауыңызды жасаңыз!

Поделиться ссылкой: