Ана – өмірдің шуағы
Осы аптада аудандық білім бөлімі мен аудандық ардагерлер Кеңесі жанынан құрылған аналар кеңесінің ұйымдастыруымен білім бөліміне қарасты №6 мектеп-гимназиясы базасында Аналар күні және Халықаралық отбасы күніне орай аудандық аналар форумы өтіп, отбасы татулығы мен бірлігінің сақтаушысы аналарды үлгі тұту, қоғамда олардың рөлін күшейту, отбасылық құндылықтарды дәріптеу, ұрпақ тәрбиесін жетілдіру мақсатындағы іс-шаралар талқыланды.
Аталмыш шараға аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қожайхан Бижанов, аудандық аналар кеңесінің төрайымы Түзел Алагөзова, аналар кеңесінің мүшелері мен білім беру мекемелерінің ата-аналары қатысты.
Форумда отбасы құндылықтары, әйелдердің қоғамдағы орны, оларға мемлекет тарапынан жасалып жатқан қолдаулар және басқа да мәселелердің шешу жолдарын талқыланды.
Форум барысында баланы тәрбиелеу мен өмір жолында қалыптастыра білу туралы негізгі өзекті мәселелерге қатысты сындарлы диалог, шеберлік сыныптар өткізіліп, концерттік бағдарламамен ұласты.
«Құлан таңы» ақпарат.
