Отаншылдықты әр адам өзінен бастауы қажет

62 Views

Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі және Т. Рысқұлов ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен «Жастар арасында қазақстандық патриотизмді насихаттау, ұлттық құндылықтарды сақтау және жасөспірімдер мен жастар арасында құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу» тақырыбындағы мемлекеттік әлеуметтік жобасы аясында бірнеше ауылда маңызды кездесулер өткізілді. Бұл шаралар жастар арасында ұлттық құндылықтарды дәріптеу, құқықтық сауаттылықты арттыру және қоғамдағы жауапкершілік сезімін күшейту мақсатында ұйымдастырылды. Алғашқы кездесу Еңбекші ауылындағы Абай атындағы орта мектепте өтті. Кездесуде Тараз қалалық мәслихатының депутаты Азамат Лесбек ұлттық құндылықтардың маңызы туралы сөз қозғап, қазіргі жастардың құқық бұзушылықтарына және қылмысқа бейімділігін осы құндылықтардың жетіспеушілігімен байланыстырды. Келесі кездесу Каменка ауылындағы Б.Момышұлы атындағы орта мектепте өтті. Бұл жерде де Азамат Лесбек жастарға ұлттық рух, Отан алдындағы жауапкершілік, ата-ананы құрметтеу сияқты маңызды құндылықтарды дәріптеп, қазіргі қоғамда жастардың бойындағы рухани құндылықтардың әлсіреуінің құқық бұзушылыққа әкеп соғатынын жеткізді. Кездесуде оқушылар түрлі сұрақтар қойып, тың кеңестер алды. Бұл іс-шара жастардың патриоттық тәрбиесін арттыруға бағытталды. Жаңатұрмыс ауылындағы Қ.Сәтпаев атындағы орта мектепте өткен кездесуде де Азамат Лесбек жастарға ұлттық болмыс пен туған жерге деген құрмет жайында айтып, рухани құндылықтардан алыстаудың қоғамдағы келеңсіз жағдайларға себеп болатынын атап өтті. Спикер тәрбие мен патриоттық сезімді күшейту қажеттігін атап, жастарды өз болашағына жауапкершілікпен қарауға шақырды. Кездесу барысында оқушылардың ашық сұхбат жүргізуі жастардың Отан алдындағы парызын терең сезінуіне ықпал етті. Құлан колледжінде өткен кездесу барысында Азамат Лесбек жастардың қоғамдағы рөлін, олардың құқықтық сауаттылығын, сондай-ақ ұлттық құндылықтардың қазіргі қоғамдағы маңызын түсіндірді. Ол жастарды білімге, еңбекқорлыққа және мәдениеттілікке шақырды. Кездесу студенттердің патриоттық рухын оятуға, ұлттық сана-сезімді қалыптастыруға және заңға құрметті күшейтуге зор ықпал етті.
Барлық осы шаралар жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, ұлттық құндылықтарды сақтап қалу және қоғамдағы патриоттық сезімді оятуға бағытталған маңызды қадамдар болды.

QT – ақпарат.

Поделиться ссылкой: