Правовые акты
39 ViewsОб утверждении состава Қазақстан Халық Кеңесі 22 сентября 2026 года В соответствии с подпунктом 1) статьи 5 Конституционного закона Республики Казахстан «О Қазақстан Халық…

Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен 14-29 жас аралығындағы мүмкіндігі шектеулі жандар арасында аудандық байқау болып өтті.
Байқауда бойында өнері бар жасөспірімдер 3 кезең бойынша бақ сынасты. Бірінші кезең – қатысушының өзін-өзі таныстыруы, екінші кезең – өз өнерін көрсету болса, үшініші кезең – қолөнер бәсекесі деп аталды. Нәтижесінде, өзін ерекше таныстырып, ән айтып, қолөнерімен талайды тамсандырған бүлдіршін қыз Жанерке Тотыман бас жүлде иегері атанды. Ал Әдемі Ашимова жарыстың қай кезеңінде де ерекшелене отырып, жүлделі I орынды жеңіп алса, «Қара жорға» биін билеген Асылбек Игілік жүлделі II орынға ие болды. Ал жанды дауыста ән шырқап, көпшіліктің көңілін серпілткен Есбол Дүйсембай көрерменнің көзайымы атанды. Өмірге құштар бұл жастардың біз өнер жолында жеңілмей, өмір жолында сүрінбеуіне тілектеспіз!
Салтанат Рахметуллақызы.