Жемқорлықпен күрес – барша қоғам болып жұмыла кірісетін ортақ іс

239 Views

Сыбайлас жемқорлық – кез келген мемлекеттің дамуына кедергі келтіретін ең қауіпті әлеуметтік құбылыстардың бірі. Ол халықтың билікке деген сенімін әлсіретіп, заң үстемдігін бұзады және экономикалық өсуге айтарлықтай зиян тигізеді. Сондықтан да Қазақстанда сыбайлас жемқорлықпен күрес – мемлекеттік саясаттың басым бағыт­тарының бірі болып табылады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тек құқық қорғау органдарының міндеті ғана емес. Бұл – бүкіл қоғам болып жұмыла кірісетін ортақ іс. Мемлекет тарапынан қабылданған заңдар мен стратегиялардан бөлек, әрбір азаматтың да бұл мәселеге бей-жай қарамауы маңызды.
Сыбайлас жемқорлықпен күресте ашықтық пен есеп берушілік қағидат­тары басты рөл атқарады. Электронды үкімет, мемлекеттік қызмет көрсету жүйелерінің автоматтандырылуы — осы бағыттағы тиімді қадамдардың бірі. Бұл бастамалар азаматтар мен мемлекеттік мекемелер арасындағы тікелей байланысты азайтып, жемқор­лық тәуекелдерін төмендетеді.
Алайда, ең бастысы – азаматтық сана. Әр адам әділдік пен адалдықты өмірлік ұстанымына айналдырса, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын қалмайды. Тек бірге әрекет еткенде ғана біз жемқорлықсыз жарқын болашаққа қол жеткізе аламыз.
А.Замбаев,
аудандық соттың төрағасы.

Поделиться ссылкой: