Өлеңі – өмірі
27 ViewsАстанадан, облыс орталығынан шалғай ауылда тұрап-ақ, адам баласының рухани күшінің қайыспас қайсарлығын танытып, күйкі тірліктің шаңына көмілмей, көкірегінде тулап жатқан шалқар ойды өлеңмен өрнектеп…
Азамат Тұрар Рысқұлов ауданының сотына сот арқылы төлем қабілеттілігін қалпына келтіру туралы арызбен жүгінді.
Сот өтініш берушінің кредиторлар – бес банк алдында ақшалай міндеттемелері бар екенін анықтады. Берешектің жалпы сомасы 12,5 млн теңгені құрады.
Сотта өтініш беруші Т. несиелер бойынша қарыздарын төлеуге мүмкіндігі жоқ, бірақ тұрақты табысы бар, асырауында кәмелетке толмаған 2 баласы, емделуге қомақты қаражат жұмсалған III топтағы мүгедек әкесі, жүкті және декреттік демалыстағы жұбайы бар екенін түсіндірді. Үлкен несиелік жүктемеге байланысты соттан ай сайынғы төлем сомасын азайта отырып, 60 ай ішінде банктер алдындағы берешек сомасын төлеуге мүмкіндік беруді сұрады.
Сот 393 мың теңге мөлшеріндегі кредиттер бойынша ай сайынғы төлемдердің мөлшері азамат Т.-ның ай сайынғы табысынан асып түсетінін анықтады.
Бес кредитордың төртеуі соттан арызды қанағаттандырудан бас тартуды сұрады. Салық органының өкілі шешімді соттың қарауына қалдырды.
«Азаматтардың төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттық туралы» ҚР Заңына сәйкес, төлем қабілеттілігін қалпына келтіру жоспарын орындау мерзімі 5 жылдан аспауға тиіс.
Жоғарыда айтылғандардың негізінде сот Т.-ның өтінішін қанағаттандырды және төлем қабілеттілігін қалпына келтіру процедурасын қолданды. Кредиторлар алдындағы 12,5 млн теңге мөлшеріндегі берешек сомасы төлем қабілеттілігін қалпына келтіру жоспарына сәйкес, ай сайын 60 ай ішінде 204 мың теңге мөлшерінде төленетін болады.
Сондай-ақ, сот шешім заңды күшіне енген күннен бастап 2 айдан кешіктірілмейтін мерзімде төлем қабілеттілігін қалпына келтіру жоспарын ұсынуды міндеттеді.
Шешім заңды күшіне енді.
«Құлан таңы» ақпарат.