Өлеңі – өмірі
27 ViewsАстанадан, облыс орталығынан шалғай ауылда тұрап-ақ, адам баласының рухани күшінің қайыспас қайсарлығын танытып, күйкі тірліктің шаңына көмілмей, көкірегінде тулап жатқан шалқар ойды өлеңмен өрнектеп…
Өткен сенбіде «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық автодәлізінің бойында орналасқан, тарихи және рухани маңызы зор Дулат баба кесенесінде сенбілік өтті. Игі іске ауылдық округ әкімдері, бөлім мен мекеме басшылары бастаған ұжым қызметкерлері белсене қатысып, кесене маңы абаттандырылып, тазалық жұмыстары жүргізілді. Туристік әлеуеті жоғары бұл киелі мекен – болашақта өңірдің тарихи-мәдени брендіне айналар маңызды нысан. Кесененің қолайлы орналасуы мен терең тарихы – оны ерекше тартымды етеді. Мұндай бастамалар тек кесене аумағын көркейтіп қана қоймай, ұрпақ санасына рухани тәрбие сіңірудің жарқын үлгісі. Ұлттық мұраны ұлықтау – әр буынның қасиетті борышы.
Жәнібек Базылбек.