Өлеңі – өмірі
27 ViewsАстанадан, облыс орталығынан шалғай ауылда тұрап-ақ, адам баласының рухани күшінің қайыспас қайсарлығын танытып, күйкі тірліктің шаңына көмілмей, көкірегінде тулап жатқан шалқар ойды өлеңмен өрнектеп…
Мамырдың 14-і мен 17-сі аралығында Алматы қаласында 2008-2009 жылы туған ұлдар арасында жеңіл атлетикадан Қазақстан чемпионаты өтті. Осылайша еліміздің әр аймағынан келген жас кіл мықты жеңіл атлетшілер Алматыны дүбірге бөледі. Осы чемпионатта да Каменка ауылындағы Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектептің оқушысы Мұрат Молдаш 5 шақырымдық спорттық жүруден жүлделі ІІІ орынға ие болды. Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектептің денешынықтыру пәнінің мұғалімі Жүніс Бектемишевтің бапкерлігімен Мұрат бұған дейін де талай жарыстарда жүлде алған болатын. Мұрат енді тамыз айында Бахрейн мемлекетінде өтетін Азия чемпионатында бақ сынайтын болады. Азия біріншілігінде де Мұрат намысты қолдан бермейді деп сенеміз.
Марат Диханбай.