Әкімшілік тәртіп – құқық мәдениетінің негізі

43 Views

Әкімшілік тәртіп – бұл мемле­кеттік басқару саласындағы құқық­тық нормалардың жүйесі. Ол азамат­тардың, ұйымдардың және лауазымды тұлға­лардың құқықтық тәртіпті сақтауын қамта­масыз етеді. Қоғамда тыныштық пен тұрақтылықты сақтау үшін әрбір азамат­тың әкімшілік заңнаманы құрмет­теуі маңызды.
Әкімшілік құқықбұзушылықтар және жауапкершілік ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес, әкімшілік құқықбұзушылық – бұл заңмен белгіленген тәртіпті бұзу. Оған мысал ретінде:
– жол қозғалысы ережесін бұзу;
– қоғамдық орындарда ұсақ бұзақылық жасау;
– белгіленбеген жерде сауда жасау;
– шылым шегуге тыйым салынған жерде темекі шегу жатады.
Мұндай әрекеттер үшін ескерту жасау, айыппұл салу немесе әкім­ші­лік қамауға алу сияқты жазалар қолда­нылады.
Әкімшілік тәртіп – бұл жай ғана ережелер жиынтығы емес, ол – елдің құқықтық мәдениетінің негізі. Әрбір азамат заңды құрметтеп, тәртіпті сақтаса, қоғамда тұрақтылық, әділдік және бейбіт өмір орнайды. Әкімшілік жауапкершіліктен қорқу емес, заңға деген құрмет арқылы тәртіпті сақтау – өркениетті қоғамның басты белгісі.

С.Узбеков, аудандық соттың судьясы.

Поделиться ссылкой: