Өлеңі – өмірі
27 ViewsАстанадан, облыс орталығынан шалғай ауылда тұрап-ақ, адам баласының рухани күшінің қайыспас қайсарлығын танытып, күйкі тірліктің шаңына көмілмей, көкірегінде тулап жатқан шалқар ойды өлеңмен өрнектеп…
Қарақат ауылы бірлігі мен тірлігі жарасқан ауыл. Бұл ауылда қандай да бір іс-шара өтсе, оған ауыл тұрғындары белсене атсалысады. Мәселен, жақында ғана «Қазақ вальсінің королі» атанған, әндері мұқым қазаққа белгілі композитор, қазақ ән өнерінің майталманы Шәмші Қалдаяқовтың туғанына 95 жыл толуына орай ауылымызда мәнді де мағыналы іс-шара өтті. Қарақат ауылдық клубының ұйымдастыруымен өткен іс-шараның тақырыбы – «Жан аға – Шәмші аға» деп аталды.
Іс-шараға Құлан ауылдық округінің әкімі Еркін Сейтжапаров қатысып, құттықтау сөз сөйледі. Шәмші Қалдаяқовтың әндерін білмейтін қазақ жоқ шығар, сірә! Кез келген жиын-тойларда Шәмші ағамыздың әндері орындалады. Онсыз той қызық болмай тұратындай көрінеді. Осы іс-шарада Шәмші ағамыздың әндері шырқалып, тіпті қойылым да қойылды. Іс-шара барысында «Тұсаукесер» салт-дәстүрі көрсетіліп, «Киіз үй» құрылып, қазақтың ұлттық тағамдары бауырсақ, құрт, май, қымыз көпшілікке ұсынылды. Қарақат ауылдық клубы қолөнершілерінің көрмесі таныстырылды.
Іс-шарада Мэлс Өзбеков атындағы мәдениет үйінің әншісі Қожа Берікұлы мен Әйгерім Тубасова «Шәмші мен Изольда» қойылымынан үзінді сомдап, Қожа Берікұлы «Сыған серенадасы» әнін орындады. Одан бөлек Шәмші Қалдаяқовтың «Дүнген қызы», «Арыс жағасында», «Ақмаңдайлым», «Құрбылар», «Қайықта», «Шынарым» секілді өзге де әндері шырқалды. Ән кешінде ауыл өнерпаздары Е.Төрегелдиев, Д.Арықбаев, Г.Жарқынбаева, Ж.Абдыбай, Ә.Төребай, Ж.Есболова және «Әжелер» ансамблі өнер көрсетті. «Жібек» би үйірмесінің қатысушылары «Шашу» биі мен «Өзбек» билерін биледі. Қарақат ауылдық клубының жанынан құрылған домбыра үйірме қатысушысы А.Дәнен «Балбырауын» күйін шертті. Шәмші Қалдаяқовтың туғанына 95 жыл толуына орай ауылымызда ұйымдастырылған іс-шара әнші Күлімкөз Пірімқұлованың орындауындағы «Шынарым» әнімен қорытындыланды.
Талғат Тәттіхожаев,
аудандық мәслихаттың депутаты, Қарақат ауылының тұрғыны.