Әкем, анам және мен
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай дәл осындай тақырыпта Құлан ауылындағы «Бұқаралық іс-шараларды өткізу орталығы» КММ-де отбасылық жұптар арасында эстафеталық жарыс өтті. Эстафеталық жарыстың ашылу рәсімінде аудан әкімдігі дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ерлік Шабеев құттықтау сөз сөйледі. Содан соң Қасымовтар, Шүкеновтер, Кульчиковтар, Аубакировтар отбасы 5 кезең бойынша бақтарын сынап, өзара жарысты. Аталмыш 5 кезеңдегі уақыт көрсеткіші бойынша жүлделі ІІІ орындарды Кульчиковтар және Шүкеновтер отбасы иеленді. Жүлделі ІІ орынға Аубакировтар отбасы ие болды. Ал жүлделі І орынды Қасымовтар отбасы иеленіп, облысқа жолдама алды. Жарысқа қатысқан барлық отбасыларға алғыс хаттар, медальдар және бағалы сыйлықтар табыс етілді.
М.Аятберген.
