Облыс әкімінің орынбасары ауданымызға келді
Облыс әкімінің орынбасары ауданымызға келді
Кеше Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Мұратхан Шүкеев арнайы ауданда болып, Луговой, А қ ы р т ө б е о р м а н д а р д ы ж ә н е жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелердің жұмыс барысымен танысты. Аудан әкімі Асқар Қырықбаевтың бастауымен аймақ басшысының орынбасары әуелі Луговой ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесіне келіп, тұмса табиғатты қаз қалпында сақтауды мақсат еткен орманшылармен жүздесті. Бүгінгі таңда Қайрат Өзбеков басшылық ететін ұжымда 43 адам еңбек етеді. Олар 2018 жылы құм көшкінін тоқтату мақсатында 100 гектар жерге 222000 қара ағаш көшеттерін отырғызған. Мекеме қызметкерлері орман қоры аумағында орман және жануарлар дүниесін қорғау бойынша ауыз толтырып айтарлықтай жұмыстар атқарып келеді. Атап айтқанда, 2 0 1 8 ж ы л д ы ң қ о р ы т ы н д ы с ы н а сәйкес 134 тексерулер мен рейдтер жүргізілген. Соның нәтижесінде 17 заң бұзушылықтар тіркелген. Оның ішінде заңсыз мал жаю, балық пен аң аулау фактілері анықталып, заңды белден басқандарға тиісті әкімшілік жазалар берілген.
Мұратхан Жүнісәліұлы мекеменің өрт сөндіру қызметімен де танысты. Мекеменің жалпы жұмысына оң бағасын берген Мұратхан Шүкеев көзге шалынған бірнеше кемшіліктерге жиын барысында тоқталды. Мәселен, ең бірінші кадр мәселесін сынға алды. Құпиялығы мен қиындығы бар жұмыста өз ісінің нағыз шеберлері қызмет ету керектігін алға тартты. Екіншіден, ғимараттың төңірегіне де тиісті тазалық жұмыстарын жүргізу қажеттігін жеткізді. Сонымен қатар, өрт орын алған жағдайда ауылдық округ әкімдіктері және өзге де мекемелермен бірлескен ісшараларды мықтап қолға алу қажеттігін ескертті.
Ауыл шаруашылығы, табиғи ресурстар және табиғатты пайдалану салаларына жауап беретін аймақ басшысының орынбасары «Агроэксперт АЭС» ЖШС-ның Т.Рысқұлов ауданындағы филиалы тұқым зертханасының жұмыстарымен де танысты. Ондағы құрылғыларды өз көзімен көріп, зертхана меңгерушісі Абайбек Молдахметовпен тілдесті.
Мұратхан Шүкеев орманшыларға байланысты жоғарыда аталған тексеру жұмыстарын Ақыртөбе ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінде жалғастырды. Ғимарат пен техникаларды тексеру барысында мекеме басшысы Жандар Мұздыбаевқа да бірқатар ұсыныстар мен кемшін кеткен тұстарға ескерту берді. Соңынан ұжым мүшелеріне жиын жасап, қызмет барысында кездесетін мәселелерді ортаға салды.
Жәнібек БАЗЫЛБЕКОВ.