Өлеңі – өмірі
27 ViewsАстанадан, облыс орталығынан шалғай ауылда тұрап-ақ, адам баласының рухани күшінің қайыспас қайсарлығын танытып, күйкі тірліктің шаңына көмілмей, көкірегінде тулап жатқан шалқар ойды өлеңмен өрнектеп…
2025 жылдың қаңтар-мамыр аралығында Қазақстанның ЖІӨ 6%-ға өсті
Ұлттық статистика бюросының алдын ала деректеріне сәйкес, 2025 жылдың қаңтар-мамыр айларында Қазақстанның жалпы ішкі өнімі былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда 6%-ға өскен. Мұндай нәтижеге өнеркәсіп пен құрылыс салаларынан бастап сауда, көлік және байланысқа дейінгі негізгі салалардағы өсім қарқынының жеделдеуі ықпал етті. Өнеркәсіп өндірісі 6,4%-ға артты. Елдің 17 өңірінде өсім байқалды: ең жоғары өсім +22,9% көрсеткішімен кен өндіру, тыңайтқыштар, портландцемент пен қант өндірісінің белсенді дамуының нәтижесінде Жамбыл облысында тіркелді. Түркістан және Жетісу облыстарында өндіріс 14,8%-ға, Алматы қаласында 14,1%-ға өсті. Шымкент қаласында өсім 18,9%-ға жетті. Ауыл шаруашылығындағы өсім 4,0%-ды құрады (қаңтар-сәуір айларындағы 3,9%-бен салыстырғанда). Ең айқын өсім Атырау облысында (+10,4%), Солтүстік Қазақстан облысында (+7,5%) және Ақмола облысында (+6,5%) тіркелді, бұл негізінен мал мен құс сойымының артуы есебінен болды. Түркістан облысында өсім 6,3%-ды, Абай облысында – 3,6%-ды, ал Қостанай облысында – 4,8%-ды құрады. Құрылыс саласы қарқынды дамып келеді, 15,4%-ға өсті. Он сегіз өңірде өсім тіркелді, ал Маңғыстау облысында мектептер, тұщытқыш зауыт, мұнай және су құбырларын қайта жаңарту, аудандық аурухана және автожолдарды жөндеу сияқты ауқымды жобалардың арқасында жұмыс көлемі екі есеге артты. Қызылорда облысында өсім 64,5%-ды, Қостанайда – 57,8%-ды, Астанада – 51,8%-ды, Түркістан облысында – 46,6%-ды құрады. Тұрғын үй құрылысы да қарқын алып келеді: бес айдың ішінде 6 млн шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл былтырмен салыстырғанда 5,7%-ға көп. Ең белсенді құрылыс Түркістан облысында (+25,5%), Шымкент қаласында (+23,4%) және Алматы облысында (+20,4%) байқалды. Негізгі капиталға салынған инвестиция 18,2%-ға артты. Бұл өсім көлік, өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымға, сондай-ақ жабдықтар мен жаңа өнеркәсіптік нысандарға бағытталған қаржы салымдарының есебінен қамтамасыз етілді. Сауда айналымы 7,8%-ға артты (қаңтар-сәуір айының қорытындысындағы 7,0%-бен салыстырғанда). Ішкі сауда құрылымында көтерме сауданың үлесі шамамен 68%-ды құрайды. Ағымдағы жылдың қаңтар-мамыр айларында көтерме сауда 8,3%-ға, бөлшек сауда 6,5%-ға өсті. Өсім қарқыны бойынша Түркістан облысы (+66,2%), Ақмола облысы (+48,9%) және Шымкент қаласы (+23,1%) алдыңғы қатарда. Байланыс және телекоммуникация саласы 2,8%-ға өсті. Бұл Интернет желісі қызметтері есебінен (+13,9%). Көлік саласы 23,1%-дық өсім көрсетті — бұл көбінесе жүк теміржол көлігінің (+17%) және құбыр арқылы тасымалдаудың өсуіне байланысты (+13,8%). Ең жоғары өсім Жетісу облысында (+39,1%), Абай облысында (+17,7%) және Ақтөбе облысында (+11,3%) тіркелді. Үкімет елдің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету жөніндегі Президенттің тапсырмаларының орындалуын жеке бақылауда ұстауды жалғастырып келеді.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі.
ВВП Казахстана за январь–май 2025 г. вырос на 6%
По предварительным данным Бюро национальной статистики, валовой внутренний продукт Казахстана за январь–май 2025 года вырос на 6% по сравнению с аналогичным периодом прошлого года. Такой результат стал возможен благодаря ускорению темпов в ключевых отраслях – от промышленности и строительства до торговли, транспорта и связи. Промышленное производство прибавило 6,4%. Рост отмечен в 17 регионах страны: лидером по динамике стала Жамбылская область с показателем +22,9% благодаря активному добыванию руды, выпуску удобрений, портландцемента и сахара. На 14,8% увеличили производство Туркестанская и Жетісу области, на 14,1% – г.Алматы, а в Шымкенте рост составил 18,9%. Сельское хозяйство показало прибавку в 4,0% (против 3,9% в январе–апреле). Наиболее заметный рост в Атырауской области (+10,4%), Северо-Казахстанской (+7,5%) и Акмолинской (+6,5%) – в основном за счёт наращивания забоя скота и птицы. В Туркестанской области рост достиг 6,3%, в Абайской – 3,6%, в Костанайской – 4,8%. Динамичное развитие показывает строительная отрасль: объёмы выросли на 15,4%. Восемнадцать регионов показали рост, а Мангистауская область удвоила объёмы работ благодаря масштабным проектам – школам, опреснительному заводу, реконструкции нефтепроводов и водоводов, районной больнице и ремонту автодорог. В Кызылординской области рост составил 64,5%, в Костанайской – 57,8%, в Астане – 51,8%, в Туркестанской – 46,6%. Жилищное строительство продолжает набирать обороты: за пять месяцев введено в эксплуатацию более 6 млн кв. м жилья, что на 5,7% превосходит показатель прошлого года. Активнее всего строят в Туркестанской области (+25,5%), Шымкенте (+23,4%) и Алматинской области (+20,4%). Инвестиции в основной капитал выросли на 18,2%. Рост обеспечили вложения в транспортную, производственную и социальную инфраструктуру, а также в оборудование и новые промышленные объекты. Торговля увеличила оборот на 7,8% (против 7,0% по итогам января-апреля). Доля оптовой торговли в структуре внутренней торговли составляет порядка 68%. В январе-мае т.г. оптовая торговля прибавила 8,3%, розничная – 6,5%. В лидерах по темпам оказались Туркестанская область (+66,2%), Акмолинская (+48,9%) и Шымкент (+23,1%). Связь и телекоммуникации прибавили 2,8% за счет услуг сети интернет (+13,9%). Транспортная отрасль демонстрирует рост в 23,1% – это во многом результат роста грузового железнодорожного транспорта (+17%) и транспортировки по трубопроводу (+13,8%). Особо высокие темпы в Жетісу (+39,1%), Абайской области (+17,7%) и Актюбинской области (+11,3%). Правительство продолжает держать под личным контролем реализацию поручений Президента по обеспечению устойчивого социально-экономического развития страны.
Министерство национальной экономики Республики Казахстан.