Өлеңі – өмірі
27 ViewsАстанадан, облыс орталығынан шалғай ауылда тұрап-ақ, адам баласының рухани күшінің қайыспас қайсарлығын танытып, күйкі тірліктің шаңына көмілмей, көкірегінде тулап жатқан шалқар ойды өлеңмен өрнектеп…
Келесі біздің кейіпкеріміз – Найманбаев Тимур Ильясұлы. Ол аудандық орталық аурухананың хирург дәрігері. Хирургия бөлімінде жұмыс істеу – оңай емес. Неше түрлі науқастар түседі. Сондықтан бұл жұмыста батылырақ болған абзал. Біз бұл жұмыс төңірегінде Тимур Ильясұлынан да сұрадық. Ол «Қиындық емес, керісінше, жұмыста шыңдалуға үлкен мотивация» дейді дәрігердің өзі. Сөзімізге тұздық ретінде дәл осы жерде мына жайтты жаза кетуге тиіспіз. Біздің де әріптесіміздің ұлы осыдан бірер күн бұрын аудандық орталық аурухананың хирургия бөліміне белгілі бір жағдай бойынша қаралды. Әріптесіміз сонда Тимур Ильясұлының өзі ісіне жауапты маман екенін көріп, ризашылығын білдіргенін өз құлағымызбен естідік. Осындай дәрігерлерге қайтып риза болмайсыз енді, айтыңызшы.
Тимур Ильясұлы Алматы қаласындағы Санжар Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің түлегі. Яғни сонда 2007-2012 жылдары жалпы медицина, ал 2012-2014 жылдары жалпы хирургия бойынша интернатураны бітірген. Тимур Ильясұлы 2014 жылы «Дипломмен ауылға» бағдарламасымен ауылға келіп, аудандық орталық ауруханаға қызметке орналасқан. Кейіпкеріміз көптеген марапаттар алған. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының алғыс хатын да иеленген.
– Біз үшін ең басты мәселе халықтың денсаулығы. «Студент кезімізде әр адамның денсаулығына дәрігер жауапты» деп оқытты. Осы сөз ешқашан қаперден шықпайды. Өзім Құлан ауылында туып өстім. Әлихан Бөкейханов атындағы орта мектептің түлегімін. Туған жерге келіп қызмет етудегі мақсатым да сол. Құдайға шүкір, еңбегіміз еселеніп жатыр. Бірінші санатты дәрігер-хирургпын. Хирургия бөлімінің меңгерушісі Рубилов Валихан Жұмабайұлы бастаған әріптестерім болсын, жалпы аудандық орталық аурухананың басшылық құрамы да маған ерекше сенім білдіреді. Сенімдерін ақтап, жұмысыма адалдық танытып, жауапкершілікті бірінші орынға қойып, еңбек ету – парызым деп білемін, – дейді Тимур Найманбаев.
Марат Диханбай.