Өлеңі – өмірі
27 ViewsАстанадан, облыс орталығынан шалғай ауылда тұрап-ақ, адам баласының рухани күшінің қайыспас қайсарлығын танытып, күйкі тірліктің шаңына көмілмей, көкірегінде тулап жатқан шалқар ойды өлеңмен өрнектеп…
Жақында Құлан ауылындағы Ардагерлер үйінің жанында орналасқан шағын футбол алаңында медицина қызметкерлерінің арасында футболдан жарыс өтті. Бұл жарыс – Медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай ұйымдастырылды. Жарыстың ұйымдастырылуына «Аманат» партиясы Тұрар Рысқұлов аудандық филиалы мен аудандық орталық аурухананың кәсіподақ ұйымы қолдау білдірді. Жарыстың ашылу рәсімінде «Аманат» партиясы Тұрар Рысқұлов аудандық филиалының төрағасы Қанатбек Арыстанбеков пен аудандық орталық аурухананың кәсіподақ ұйымының жетекшісі Айнұр Кенжебекқызы сөз сөйлеп, медицина қызметкерлерін төл мерекелерімен құттықтады. Шыны керек, жарыс өте тартысқа толы болды. Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі үшінші орынды аудандық орталық аурухананың клиникалық диагностика бөлімі иеленді. Жүлделі екінші орынға «Жомарт Дента» ЖШС-нің қызметкерлері ие болса, жүлделі бірінші орынды аудандық орталық аурухананың жедел жәрдем бөлімінің жігіттері жеңіп алды. Жүлдегер және жеңімпаз атанған команда мүшелеріне алғыс хаттар, медальдар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді. Сондай-ақ, аудандық орталық аурухананың кәсіподақ ұйымының қаржылай қолдау көрсетуімен үшінші орын алған командаға 10 000, екінші орын иеленген командаға 20 000, ал, жүлделі бірінші орынды жеңіп алған командаға 30 000 теңге сыйақы берілді. Айта кетейік, бұл жарыста номинациялар да берілді. Айталық, жарыстың «Үздік қақпашы» номинациясын Азамат Мамелаев, «Үздік қорғаушы» номинациясын Бақытжан Омаш, «Үздік шабуылшы» номинациясын Айдын Нұрлан иеленді. Оларға да 5 000 теңгеден сыйақы берілді.
Бетті дайындаған Марат Диханбай.