Өрт – тілсіз жау!

35 Views

Жаз мезгілінде өрт қаупі өте жоғары. Көбінесе бұған адамның іс-әрекеттері себеп болады. Құрғақ шөпті, егістіктердегі сабақты рұқсатсыз жағу, бақша учаскелерін тазарту нәтижесінде қоқыс пен шөпті жағу. Сонымен қатар тұрғындар жаппай демалыста табиғат аясына шыққанда өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамайды. Азаматтардың көбі отты абайсыз пайдалануымен және балалардың ойын қимылдарына байланысты болып отыр. Құрғақ шөптерден басталған өрт жақын маңдағы түрлі құрылыстар, көлік, саяжай мен бау-бақша, үйлерге қауіп төндіреді.
Сондай-ақ, адамдардың өміріне қауіп төндірмеу үшін бірқатар қарапайым ережелерді қатаң сақтау қажет, олар:
– тұрғын үйге және бау-бақша учаскелеріне іргелес аумақты құрғақ шөптен және қоқыстан алдын ала тазартыңыз;
– тұрғын үй құрылыстары аума­ғында, сондай-ақ орман алқаптарының жанында қоқыс төгуге жол бермеңіз;
– тұрғын үйлерде, саяжай учаске­лерінде және орман алқаптарында қоқысты өртемеңіз;
– өрт қаупі бар кезеңде орманға шығу­ды шектеңіз. От жақпаңыз және ашық отты пайдаланбаңыз, темекі тұқы­лын тастамаңыз;
– балалардың отпен ойнауына жол бер­меңіз;
– құрғақ шөп пен жапырақтарды арнайы белгіленген жерлерде және мұқият бақылауда өртеңіз;
– сөндірілмеген от қалдырмаңыз. Оған мұқият су құйып немесе құммен бастыру керек. Өрт туындаған жағ­дайда, бастапқы кезеңде оны сумен немесе дымқыл маталы дастарқанмен, көрпемен, кез келген басқа тығыз синте­тикалық емес материалмен жабу арқылы жоюға болады. Мүмкін бол­са, тиісті кластағы өрт сөндіргішті пай­далану керек. Бірақ жалын тарала бас­таған кезде 101, 112 телефондарына мүм­кіндігінше тез қоңырау шалып, қауіп­ті аймақтан ең қысқа және қауіпсіз жол­мен кетуіңіз керек.

Аудандық Төтенше жағдайлар бөлімі.

Поделиться ссылкой: