Сайлау процесін даярлау мен өткізу барысындағы бұқаралық ақпарат құралдары мен онлайн-платформалардың рөлі

103 Views

Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясының 2025 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес, Жамбыл облысы әкімдігі ақпарат және қоғамдық даму басқармасымен бірлесе отырып ағымдағы жылдың 13 маусымында «Сайлау процесін даярлау мен өткізу барысындағы бұқаралық ақпарат құралдары мен онлайн-платформалардың рөлі туралы» тақырыбында семинар-тренингі болып өтті. 

Аталған семинар-тренинг облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының ғимаратында өткізілді.
Семинарға облыстық аумақтық сайлау комиссиясының толық құрамы, қалалық/аудандық аумақтық сайлау комиссияларының өкілеттігін кәсіби тұрақты негізде жүзеге асыратын мүшелері (төраға, төраға орынбасары мен хатшы), Жамбыл облысы әкімі аппаратының басшысы, Жамбыл облысы прокуратурасының өкілі, адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Жамбыл облысы бойынша өкілі, Жамбыл облысы әкімдігі ақпарат және қоғамдық даму басқармасының басшысы, Жамбыл облысы әкімдігі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы, Жамбыл облысы әкімі аппаратының бухгалтерлік есеп бөлімінің басшысы, қала/аудан әкімдерінің орынбасарлары, қала/аудан әкімі аппаратының басшылары, қала/аудан әкімі аппаратының ұйымдастырушылық бөлімінің басшылары, қала/аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімдерінің басшылары, саяси партиялар және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, қалалық/аудандық газеттердің бас редакторлары мен жергілікті БАҚ өкілдері қатысты.
Семинар-тренингті Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Серғали Өмірзақұлы Айдапкелов ашып, қатысушыларды семинардың бағдарласымен таныстырды.
«Елімізде жүргізіліп жатқан саяси реформалар сайлаушылардың сайлау процесіне тікелей араласуына, өз таңдауын жасауына, олар өз өкілдері арқылы мемлекеттік органдардың шешімін қабылдау процестеріне қатысуына және елімізде азаматтық қоғамды қалыптастыруда өз ықпалдарын жасауына мүмкіндіктер беруде.
Осыған орай, бүгінгі кездесуімізде сайлау процесін даярлау мен өткізу барысында уәкілетті органдармен қоғамдық ұйымдардың негізгі міндеттерінің бірі, тұрғындар арасында ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру болғандықтан, Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясы Жамбыл облысы әкімдігінің ақпарат және қоғамдық даму басқармасымен бірлесе отырып, семинардың күн тәртібіне «Сайлау процесін даярлау мен өткізу барысында бұқаралық ақпарат құралдарының және онлайн-платформалардың рөлі» тақырыбын ұсынуды жөн көрдік», – деді.
Сондай-ақ, семинардың мақсаты – бәсекелестік призмасы арқылы сайлаудың қоғамдағы сая­си орнымен заңдылығын көрсете отырып, өңірі­мізде сайлау туралы оң пікір қалыптастырып, сайлау­шылардың белсенділігін арттыру екеніне тоқталды.
Семинардың бағдарламасына сәйкес, Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Талғат Салқанұлы Жамалов «Бұқаралық ақпарат құралдары мен онлайн-платформаның сайлау барысындағы рөлі» тақырыбында дәріс оқыды. Өз сөзінде: семинардың негізгі мақсаты – сайлау процесіне қатысушы барлық тараптарды, оның ішінде БАҚ өкілдерін, қолданыстағы заңнама талаптарын сақтау және бірлескен жұмысқа шақыру болып табылады. Қазақстандағы сайлау процесі мен медианың рөлі қазіргі ақпараттық қоғамда өте маңызды, себебі әділ және ашық сайлау демократиялық мемлекет үшін маңызды фактор,– деп атап өтті.
Сондай-ақ, сайлау процесіндегі медианың міндеттеріне, цифрлық медианың және әлеуметтік желілердің әсеріне, ақпараттық теңдік туралы және БАҚ пен сайлау органдарының өзара іс-қимылына түсіндірме берді.
Талғат Жамалов өз сөзінде ақпараттық қауіпсіздік пен медиа сауаттылық мәселесін де көтерді. Жалған ақпараттар мен манипуляциялар сайлау процесіне әсер етуі мүмкін. Сондықтан ақпараттың дұрыстығын тексеру және оны таратуда БАҚ жауапкершілікті сезінуі тиіс екенін жеткізді.
Келесі «Әулиеата-Медиа» ЖШС-нің бас директоры Данияр Асқарұлы бұқаралық ақпарат құралдары мен онлайн-платформалар саласында енгізілген жаңашылдықтар туралы баяндады. Өз баяндамасында: «Осы күнге дейін өткен әрбір саяси науқанда өңірдің ақпарат саласы «сапалы әрі шынайы, ашық әрі әділ» қағидатына негізделіп келді. Әріптестеріміз сайлау науқаны басталғаннан, қорытындысы шыққанға дейін маңызды шараның басы-қасынан табылып, сайлау учаскелерінен тікелей ақпарат таратып келеді. Ең алғашқы бюллетень жәшікке түскеннен бастап, дауыс беру құқығына күні кеше ие болған азамат пен ең қарт қазақстандықты да назардан тыс қалдырмай, саяси науқанның атмосферасын көпшілікке қаз-қалпында беруге күш салады. Себебі жоғарыда атап өткенімдей, кез келген сайлау науқаны халықтың, мемлекеттің әуелгі болашағы үшін жүзеге асса, бұқарамен бір қазанда қайнаған журналистер қауымы үшін бұл – кәсіби міндет қана емес, сонымен қатар өмірлік ұстаным, қастерлі қағида», деп айтып өтті.
Ождан кейін Жамбыл облысы әкімдігі ақпарат және қоғамдық даму басқармасының басшысы Жанболат Нұрмолдаұлы «Жергілікті атқарушы органдардың сайлау процесін даярлау барысында бұқаралық ақпарат құралдары мен онлайн-платформаның жұмысын ұйымдастырудағы рөлі» тақырыбында баяндама жасады.
Ж.Нұрмолдаұлы баяндамасында:
– Облыс әкімдігі ақпарат және қоғамдық даму басқармасы Қазақстан Республикасы Сайлау туралы Заңын басшылыққа ала отыра, сайлау науқанында идеологиялық іс-шаралардың сапалы өтуін, оларды ақпараттандырумен қатар, қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақтылығын сақталуын бақылайды.
Әрбір сайлау кезеңінде респуб­ликалық нұсқаулыққа сәйкес желілік кесте және медиа-жоспар әзірленіп, жүзеге асырылады.
Сайлаудағы жергілікті атқарушы органдардың негізгі міндеттердің бірі – халық арасында ауқымды ақпараттық-түсіндіру науқанын жүргізу.
Науқанды жариялау және бастау қарсаңында барлық деңгейлерде ақпа­раттық-түсіндіру жұмыстарына жалпы тәсілдерді әзірлеу қажеттігі туындайды. Бұл тұрғыда сайлауға келуді арттырудың маңыздылығына назар аударылуы тиіс, деді.
Келесі болып, «Сайлауға дайын­дық және оны өткізу барысында сай­лаушыларды ақпараттандыру жұмысын ұйымдастыру» туралы тақырыпта Тараз қалалық аумақтық сайлау ко­мис­сиясының төрағасы Уалихан Болар­бекұлы Байдуанов дәріс оқыды.
«Сайлау – негізгі конституциялық қағи­даттарының бірі ретінде халықтың еркін білдіруінің негізгі нысаны бо­лып табылады. Дауыс беруге құ­қығы бар азаматтардың сайлауға қа­тысуы – жасырын дауыс беру ар­қылы мемлекеттік билік органдары мен жергілікті өзін-өзі басқару орган­дарының сапалық және сандық құрамын қалыптастыруға негізделген тікелей халық билігінің көрінісі. Халық өз өкілдерін сайлай отырып, оларға өзіне тиесілі мемлекеттік билікті жүзеге асыру жөнінде толық сенім білдіреді», – деп атап өтті У.Байдуанов.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заң әрбір азаматтың еркін таңдау жасауына кепілдік беретін құқықтық негізді қалыптастырады. Бұл заң азаматтардың еркін білдіруін қамтамасыз ететін маңызды тетіктерді белгілейді.
«Осылайша, біздің әрқайсымыз өзі­нің ішкі нанымына сай, сырттан қандай да бір мәжбүрлемей-ақ, өз қалауымызды еркін білдіреміз», – деді У. Байдуанов.
«Шерхан Мұртаза атындағы бас­пасөз үйі (Өңірлік коммуникациялар қызметі)» КММ-нің басшысы Алмат Садуақас Маратұлы әлеуметтік медиа маркетингтегі трендтерді (контент, конверсия, hook, smm, рилс, көрілім, лид және т.б.) сайлау саласында қолдану туралы баяндады.
Бүгінгі таңда саясаттағы ең маңызды ресурс – халықтың назары. Бұл назар бұрын теледидар мен газетте болатын, қазір – TikTok, Instagram, YouTube пен Facebook-та. Pew Research Center-дің зерттеуіне сенсек, АҚШ-тағы 18–29 жастағы жастардың 67%-ы жаңалықты ең алдымен әлеуметтік желілерден алады. SMM-дегі ең алғашқы міндет – аудиторияны ұстап қалу. Оның жолы – HOOK. Бұл – контенттің алғашқы 3–5 секундында, алғашқы сөйлемінде көрерменді қызықтырып, тоқтатып қалатын тәсіл екенін түсіндіріп, төмен­дегідей мысалдар келтірді:
1.«Сіз неге маған дауыс бермеуіңіз мүмкін? Мен түсіндірейін».
2.«Бұл 30 секунд сіздің көзқара­сыңызды түбегейлі өзгертеді».
3. «Менің балам да мектепте тамақ ішпей жүрді…»
4. «Бұл сайлауда алғаш рет осындай болады!»
5. «Сізге тек бір сұрақ қояйын…»
А.Садуақас осылайша өз баян­дамасында әлеуметтік медиа мар­кетингтегі трендтерге талдау жасады.
Келесі сөз кезегі Тараз қаласы прокуратурасының бөлім прокуроры Жандос Сәлкенұлы Байтасовқа беріліп, «Үгіт-насихат кезеңінде және дауыс беру күнгі бұқаралық ақпарат құралдары мен онлайн-платформаны қолданушылардың жауапкершілігі туралы» баяндады.
Сайлаудың жариялылығы мен ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында ерекше әрі маңызды орын сондай-ақ, байқаушылар мен кандидаттардың сенімді адамдарына берілген.
Олардың қызметі, құқықтары мен міндеттері «Қазақстан Респуб­лика­сын­дағы сайлау туралы» Консти­туциялық заңымен (бұдан әрі – Конституциялық заң) реттелген.
Сайлау учаскесіндегі белгілеген мінез-құлық қағидаларын сақтау жө­ніндегі сайлау комиссиясы төрағасының талаптарын орындауға міндетті.
Бұдан бұрын атап өткендей, байқау­шылар мен сенім білдірген адамдар дауыс беру барысына және оның қоры­тындысын шығаруға кедергі кел­­тірместен, фото, аудио және бейне­жазбалар жасауға құқылы.
Бұл ретте, осы құқықты іске асыру барысында адамның Конституциямен кепілдік берілген құқықтары мен бостандықтары, дауыс беру құпиясы сақталуы қажет.
Ешкімнің қандай да бір адамның бейнесін оның келісімінсіз пайдалануға құқығы жоқ (Азаматтық кодекстің 145-бабы).
Бұл ретте, «Масс-медиа туралы» Заңның 14-бабының (2-2-т.) талаптарын ескеру қажет. Оған сәйкес егер тара­тылатын ақпаратта адамның бет-бейнесі және мұндай адамның қызметтік жұмы­сымен және (немесе) жария қызметімен байланысты мәліметтер қамтылса, сон­­дай-ақ, оны адамның өзі, оның заңды өкілі немесе уәкілетті тұлға қолжетімділігі шектелмеген көздерде жарияласа бейнеленетін адамның келісімі талап етілмейді.
Азаматтың құпия деректерін қорғау (ЖСН нөмірі, ТАӘ және т.б.) «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» заңмен кепілдендірілген.
Осылайша, фото, аудио және бейнежазба, сондай-ақ, байқау: – дауыс беру құпиясын, сайлаушылар тізімін және олардың дербес деректерін қорғауды ескере отырып қана жүргізілуі тиіс. Азаматтардың бейнесін көпшілік алдында тарату олардың келісімін қажет етеді.
Бағдарлама бойынша Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комис­сиясының мүшесі Әсел Анарбекқызы Қадырбекова сайлау науқандарын өткізуге қаралған бюджет қаражатын тиімді пайдалану туралы дәріс оқыды.
Ә.Қадырбекова бюджет қаражаты туралы дәрісінде: «Барлық сайлау науқандары, соның ішінде жергілікті деңгейдегі науқандар айтарлықтай қаржылық шығындарды талап етеді. Бұл ретте әрбір салынған теңге нақ­­ты пайда әкелетіні маңызды: сайлау­шы­ларды хабардар етуге, дауыс беруді ұйым­дастыруға, процестің қол­жетімділігі мен ашықтығын қамтамасыз етуге ықпал етті.
Сайлау туралы қолданыстағы заңна­маның нормаларына сәйкес, мемлекеттік қаржыландыру және мемлекеттік емес қаржыландыру нормалары көзделген.
«Қазақстан Республикасындағы сай­лау туралы» Конституциялық заң­ның 33-бабы сайлауды мемлекеттік қаржыландыруды регламенттейді.
Сайлауға дайындық пен оны өт­кізуді қаржылық қамтамасыз ету үшін қаражат көзі мемлекеттік бюджет болып табылады.
Конституциялық заң нормаларына сәйкес:
Республикалық бюджет қаража­тынан Президенттiң, Парламент, мәс­ли­хаттар депутаттарының, өзге де жер­гілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелерінің сайлауы жергілікті атқарушы органдардың осы мақсаттарға арнап ашылған шоттары арқылы қаржыландырылады.
Жергілікті бюджет қаражатынан әкімдерді сайлау жергілікті атқарушы органдардың осы мақсаттар үшін ашы­латын шоттары арқылы қаржы­ландырылады.
Шамамен сайлауға бөлінген қаржының негізгі үлесі (шамамен 75-80%) сайлау комиссиялары мүшелерінің еңбегіне ақы төлеуді құрайды.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңының 20-бабының 11-тармағына сәйкес, сайлау комиссияларының мүшелеріне сайлауды өткізуге бөлінген қаражат есебінен кемінде үш ең төменгі жалақы мөлшерінде жалақы белгіленеді.
Мемлекеттік қызметшілер болып табылатын сайлау комиссияларының мүшелеріне сайлауға дайындық және оны өткізу кезеңінде олардың негізгі жұмыс орны бойынша орташа айлық жалақысы сақталады.
Сайлау туралы Конституциялық заңда үстеме жұмыс, мереке және демалыс күндеріндегі жұмыс, түнгі уақытта сайлау комиссиялары мүше­ле­рінің, оның ішінде мемлекеттік қызметшілер болып табылатындардың еңбегіне ақы төлеу көзделген. Төлем еңбек заңнамасының нормаларына сәйкес сайлауды өткізуге бөлінген қара­жат есебінен жүзеге асырылады.
Еңбек кодексінің 109-бабына сәйкес мереке және демалыс күндеріндегі жұмысқа ақы төлеу еңбек шартының талаптарына сәйкес жоғары мөлшерде, бірақ қызметкердің күндік (сағаттық) мөлшерлемесін негізге ала отырып, бір жарым мөлшерден төмен емес мөл­шерде жүргізіледі.
Шамамен смета шығындарының 20-25%-ы, әдетте, сайлау комиссияларының ұйымдастырушылық шығындарына жос­парланған, мысалы:
– мүгедек адамдарға арналған бюлле­теньдер, трафареттер, полиграфиялық және өзге де өнімдер (бұл әдістемелік құ­рал­дар, ақпараттық плакаттар, стенд­тер, билбордтар және басқа да қажетті баспа өнімдері) дайындау;
– сондай-ақ, шығыстар сайлау өткізу процесінің жариялылығы мен ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында науқанды ақпараттық сүйемелдеуге бағытталады – бұл республикалық және жергілікті телеарналарда, радиода аудио және бейне роликтерді дайындау және прокаттау, бұқаралық ақпарат құралдарында ақпарат жариялау;
– сондай-ақ, шамамен смета сай­лау комиссиялары үшін қажетті мате­риалдық-техникалық жағдайлар жа­сауға (байланыс қызметтерімен, жанар-жағармай материалдарымен, көлікпен және кеңсе тауарларымен қамтамасыз ету, дауыс беруге арналған үй-жайларды сайлау жәшіктерімен, кабиналармен толық жарақтандыру) арналған шығыстарды қамтиды», – деп түсіндірді.
Семинар-тренингтің пленарлық бөлімінің жұмысы аяқталып, қатысу­шылар 2 топқа бөліну арқылы секция­лық жұмыс жалғасты.
Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Т.Жамаловтың төрағалығымен өт­кен бірінші топтың секциялық жұмы­сына облыстық аумақтық сай­лау комис­сиясының мүшелері, қала­лық/аудан­дық аумақтық сайлау комис­сияларының орынбасарлары, қала/аудан әкімдерінің орынбасарлары, қала/аудан әкімдіктерінің ішкі саясат бөлім­дерінің басшылары, БАҚ өкілдері, саяси партиялар мен үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінің қатысуымен өтті.
Семинардың бағдарламасына сәй­кес, Жамбыл облыстық аумақтық сай­лау комиссиясының мүшесі Мерей Ерғалиқызы Амангелді «Сайлау және ақпарат кеңістігі, оның ішінде, БАҚ-та жарияланған материалдардың ашық­ты­ғын қамтамасыз етудің маңыз­дылығы» тақырыбында дәріс оқыды.
М.Амангелді өз дәрісінде, «Қа­зақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңға сәйкес (20-бап 1-тармақ), барлық деңгейдегі сайлау комиссиялары жариялылық, ашықтық және алқалылық қағидаттары бойынша жұмыс істейтінін түсіндіріп, ақпараттандыру жұмыстары аясындағы ашықтық принципіне тоқталды.
«Қазіргі заманғы демократиялық қоғамда сайлау мен ақпарат кеңістігі тығыз байланысты ұғымдар.
Сайлау – Республика азаматының сайлау және сайлану құқығын еркін жүзеге асыруына негізделсе (2-бап), ақпарат кеңістігі – осы процестің ашықтығы мен әділеттілігін қамтамасыз ететін маңызды құрал. Сондай-ақ, сайлау мәдениетін арттыру мен халық арасында сенімді қалыптастыруда ақпараттық кеңістіктің маңызы зор.
Сайлау науқаны кезеңдерінде АСК отырыстары процестің барлық қатысушылары үшін ашық. Сайлау комиссиясының отырыстарына: кандидаттар, сенім білдірілген адамдар, байқаушылар, қызметтік куәлігі мен редакцияның тапсырмасы болған кезде бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатыса алады (20-бап 7-тармақ).
Аумақтық сайлау комиссиялары, заңда белгіленген ашықтық принципі негізінде комиссия қабылдаған шешім­дер мен қаулыларын, сондай-ақ, нау­қанға қатысты өзге де құжаттарын БАҚ-та жариялап отырады.
Бұқаралық ақпарат құралдары сайлау комиссияларына сайлау алдындағы науқан барысы туралы ақпаратты және хабарларды жариялау мүмкiндiгін дереу береді (27-бап 7-тармақ). Яғни, бұқаралық ақ­парат құралдары сайлау комис­сиясының науқан туралы ақпа­ратын, хабар­­лама­ларын немесе өзге де материал­дарын басылымда дереу жариялауы керек. Бұл жөнінде сайлау туралы заңның 27-бабында айқындалған», – деп баяндады.
Сондай-ақ, жергілікті БАҚ өкіл­дерінің дауыс беру күнгі сайлау учас­келеріне барып, халықты сайлау процесімен ақпараттандыру жұмыс­тарына тоқталып өтті.
Дауыс беру күні, сайлау учаскелеріне келіп қатысқан БАҚ өкілдерінің, байқаушылар мен сенімді өкілдердің есебі жүргізілетіні жайында айтып, соның ішінде, ақпараттандыру жұмыс­тары бойынша БАҚ өкілдерінің қатысуы туралы 2024 жылы және 2025 жылдың жыл басынан бері өткен сайлау­лардың есептеріне талдау жасады.
Келесі сөз кезегі Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясының мүшесі Мейржан Ермекбайұлы Сем­бековке беріліп, «Сайлаудағы цифрлық мүмкіндіктер: онлайн-платформалардың рөлі» туралы дәріс оқыды.
М.Сембеков семинарда қазіргі за­манғы сайлау үдерістеріндегі технологиялық өзгерістерді талқылады. Онлайн платформалар арқылы үгіт жүргізу, сайлаушылармен байланыс орнату және электоралдық ақпаратты тарату мәселелерін де қарастырды.
Сондай-ақ, дәрісте жалған ақпа­ратпен күрес және медиа сауаттылықтың маңыздылығы қозғалды.
Семинар бағдарламасы бойынша, адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Жамбыл облысы бойынша өкілі Еркін Тілешұлы Қуанышев мүмкіндігі шек­теулі азаматтардың сайлауға қатысуын ұйымдастыруға бұқаралық ақпарат құралдары мен онлайн-платформаларды тарту жұмыстары туралы баяндады.
Е.Қуанышев баяндамасында: Қазақстан Республикасы орталық сайлау комиссиясының 2012 жылғы 23 қазандағы (№ 21/183) Қаулысымен Сайлау учаскесінде дауыс беруге арналған үй-жайды, дауыс беру пунктін жарақтандыру жөніндегі нұсқаулығы бекітілді.
Осы нұсқаулықтың 3-тарауында мүмкіндіктері шектеулі азаматтар үшін дауыс беруге арналған үй-жайды жарақтандыру ерекшеліктері көрсетілген.
Мысалы дауыс беруге арналған үй-жайлар (пункттер) мүмкіндіктері шектеулі азаматтар үшін барынша қолжетімділікпен қамтамасыз етіледі, бірінші қабаттарда орналасуы немесе басқа қабаттарға бару үшін көтеру тетіктері болуы тиіс. Кіреберісте тұтқа­лар, төсеніштер, пандустар, сондай-ақ, басқа да қажетті құрылғылар (уақытша рұқсат етіледі) көзделуі қажет.
Дауыс беруге арналған үй-жайларда (пункттерде):
– әр түрлі тактильді көрсеткіштер (мүмкіндігінше);
– тірек-қозғалыс аппараты функ­ция­лары бұзылған, соның ішінде кресло-арбаларды пайдаланатын сайлау­шылардың қолжетімділігі ескерілген, жасы­рын дауыс беруге арналған кабина(лар).
Мүмкіндіктері шектеулі азаматтар үшін төмендегілерді қамтитын арнайы жабдықталған орын (бұрыш) көзделуі қажет:
– мониторлы компьютер (диаго­налі кемінде 54 сантиметр), онда мүмкіндіктері шектеулі азаматтар үшін бейімделген форматта осы нұсқау­лықтың 6-тармағында көрсетілген ақпарат орналасуы тиіс;
– құлақаспаптар;
– брайль қарпінде орындалған сайлау туралы ақпараты бар арнайы папка;
– қосымша жарықтандыру, ұлғайт­қыштар.
Сонымен қатар айта кететінім, жер­гiлiктi атқарушы органдар мүмкін­діктері шектеулі азаматтар үшін осы Нұсқау­лықтың талаптарына сәйкес, дауыс беруге арналған арнайы сайлау учас­келерiн құра алады.
Міне мүмкіндіктері шектеулі азамат­тар үшін дауыс беруге арналған үй-жай­ларды жарақтандырудың міндетті талаптары осындай, – деп тоқталып өтті.
Келесі болып Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясының мүшесі Еркін Серікұлы Жапаров сөз алып, «Сайлаудағы құқықтық жауап­кершілікке» тоқталып, сайлауды даяр­лау мен өткізу барысында орын алған заң бұзушылық туралы кейстерге талдау жасады.
Е.Жапаров өз дәрісінде: «Сайлау процесінде заң талаптарын бұзу әртүрлі құқықтық жауапкершілікке әкеп соғады. Жауапкершілік мынадай түрлерге бөлінеді:
Әкімшілік жауапкершілік – сайлау заңнамасын бұзған жағдайда айыппұл салу немесе басқа да әкімшілік шаралар қолдану.
Қылмыстық жауапкершілік – егер заң бұзушылық ауыр сипатта болса (мыса­лы, дауысты қолдан жасау, сай­лаушыларға қысым көрсету), қыл­мыстық іс қозғалып, кінәлі адам жазаға тартылады.
Азаматтық немесе конституциялық құқық­тық жауапкершілік – сай­лау­шылардың немесе кандидаттардың құ­қығын бұзу нәтижесінде келтірілген за­лалды өтеуді міндеттеу және тіркеуден бас тарту және тіркеу туралы шешімнің күшін жоюға алып келуі мүмкін.
Сайлау процесіндегі құқықтық жауапкершілік – бұл тек жазалау құралы емес, сонымен қатар сайлау жүйесінің тазалығын, әділдігін және халықтың билікке деген сенімін қамтамасыз ететін маңызды тетік.
Қазақстан Республикасының сай­лау туралы заңдарын бұзғаны үшін жауаптылық, «Қазақстан Респуб­ликасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі №2464 Конституциялық заңы­ның 50-бабында нақты айқын­далған.
Сондай-ақ, қаралған жауаптылықтар «Қазақстан Республикасының Қыл­мыс­тық кодексi» 2014 жылғы 3 шiлдедегі Қазақстан Республикасының Кодексінің 150,151 – баптарына және «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің 101-126 баптарына сілтеме береді», – деді.
Жамбыл облыстық аумақтық сай­лау комиссиясының хатшысы А.Боран­­баевтың төрағалығымен өткен екінші топтың секциялық жұмы­сына облыстық аумақтық сайлау комис­сиясының төрағасы, Жамбыл об­лысы әкімі аппаратының басшысы, қала­лық/аудандық аумақтық сайлау комис­сияларының төрағалары мен хат­шылары, қала/аудан әкімдері аппа­ра­тының басшылары, қала/аудан әкімдігі ұйымдастыру-инспекторлық бөлім­ше­ле­рінің басшылары қатысты.
Жиында облыстық аумақтық сайлау комиссиясының хатшысы Абылхайыр Асқарұлы Боранбаев «Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкіміне кандидат ұсыну, тіркеу, және кандидаттардың құжаттарын заң талаптарына сәйкестігін тексерудегі өзекті мәселер» туралы баяндады.
Сондай-ақ, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкім­деріне кандидаттар резервін даярлау және ұсыну бағытында жергілікті атқарушы орган мен саяси партиялардың бірлескен жұмыстары туралы Жамбыл ауданы әкімінің аппарат басшысы
Самат Апсадыкович Селеубаев пен Қордай ауданы әкімінің аппарат басшысы Нұрболат Ақынғалиұлы Сатымқұл баяндады.
Сонымен қатар сайлау науқаны кезеңдерінде шақыру қағаздарын сайлаушыларға тарату барысында сайлауға қатысушылардың мони­торингін жүргізу туралы Байзақ аудан­дық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Жарас Рашидұлы Джакипбеков баяндады.
Пленарлық және екінші секциялық жұмыс бөлімінде қаралған мәселелер бойынша Жамбыл облысы әкімі аппара­тының басшысы Лесбек Құрал­байұлы Ілебаев сөз сөйлеп, сайлау науқаны кезеңінде жергілікті атқарушы органдар тарапынан атқарылып жүр­ген жұмыстарға тоқталды. Атап айтқанда, сайлауды ұйымдастыру мен өт­кізу кезеңіндегі сайлаушыларды саяси науқан бойынша жүйелі түрде ақпараттандыру жұмыстары аудан әкімдерінің идеология жөніндегі орын­басарларының лауазымдық міндеті екенін айтты.
Мүгедектігі бар азаматтардың сайлау құқығын жүзеге асыру бойынша сайлау учаскелері орналасқан ғимараттары бойын­ша түсініктеме берді. Сайлау учас­кесі орналасқан ғимараттағы пандустардың, көтергіш тетіктердің және шақыру қоңырауларының жәй-күйін айтып, талапқа сәйкес келмейтін учаскелер бойынша тиісті жұмыстар жүргізілетіні жөнінде айтып өтті.
Сонымен қатар науқан кезінде саяси партиялармен заң талаптарын түсіндіру жұмысын жетілдіру бойынша ұсыныс білдірді.
Семинар-тренингте тақырыптар бойынша дәрістер оқылғаннан кейін, қатысушылар тарапынан сайлау нау­қаны барысында туындаған сұрақтар семинардың бағдарламасына сәйкес өткізілген секциялық жұмыста прак­тикалық тұрғыда талқыланып, нақты жауаптар берілді.
Семинар аумақтық сайлау комис­сиялары мен мемлекеттік органдарға, БАҚ өкілдеріне және саяси партиялар мен үкіметтік емес ұйымдар арасында тәжірибе алмасуға мүмкіндік берді.
Қорытынды бөлімінде қатысу­шы­ларға пленарлық бөлімнің жұмысы мен секциялық жұмыстан алған біліктілікті нақтылау мақсатында, оқылған тақы­рыптар бойынша сауалнама жүргізілді.
Семинар соңында екі секциялық бөлімдерде айтылған ұсынымдар тыңдалып, облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы С.Айдапкелов сайлау процесіне белсенді атсалысқан азаматтар мен ұжымдарды алғыс хатпен марапаттап, семинар жұмысын аяқтады.

Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясы.

Поделиться ссылкой: