Өлеңі – өмірі
27 ViewsАстанадан, облыс орталығынан шалғай ауылда тұрап-ақ, адам баласының рухани күшінің қайыспас қайсарлығын танытып, күйкі тірліктің шаңына көмілмей, көкірегінде тулап жатқан шалқар ойды өлеңмен өрнектеп…
Өткен жұмада аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында аудандық мәслихаттың кезекті сессиясы өтті. Оған аудан әкімінің орынбасары Қайрат Исмаил, аудандық мәслихат төрағасы Ербол Әбутәліпов, аудандық мәслихаттың депутаттары, аудан әкімдігінің бөлім басшылары ауылдық округ әкімдері мен БАҚ өкілдері қатысты.
Сессия күн тәртібінде бірқатар маңызды мәселелер қаралды. Мәселен 2024 жылға бөлінген аудан бюджетін орындау туралы аудан әкімдігі қаржы бөлімінің басшысы Тойшығұл Жапарқұлов есеп берсе, 2024-2025 оқу жылындағы білім саласында атқарылған жұмыстар бойынша аудандық білім бөлімінің басшысы міндетін уақытша атқарушы Бауыржан Самылтыров баяндама жасады.
Қос баяндамашылардың сөзінен кейін, аудандық мәслихат депутаттары белсенділік танытып, көптеген сауалдар қойды. Айталық, аудандық мәслихат депутаты Байболат Оспанов Қайыңды мен Тереңөзек ауылдық округтерінде ауыл әкімдеріне арналған жанар-жағармайға бөлінетін қаржыны ұлғайту және мектеп оқушыларына арналған аялдамалар орнату мәселесін көтерді. Ал Жақсылық ауылындағы Қызылпан Сұлтанбеков атындағы орта мектептің күрделі жөндеу жұмыстары жөнінде аудандық мәслихат депутаттары Тұрсынбек Досаев пен Ердос Сақпанқұлов бірқатар өзекті жайттарды сөз етті. Аталған мәселеге Ербол Әбутәліпов, Қанатбек Арыстанбеков, Мұратжан Мейманханов секілді мәслихат депутаттары да үн қосты.
Депутат Сұлукүл Дәлібаева білім ошақтарындағы бала қауіпсіздігі, бейнебақылау жүйелерінің жай-күйі мен жөндеу жұмыстарының сапасына ерекше назар аударды.
Жиын барысында басқа да әлеуметтік, инфрақұрылымдық мәселелер қаралып, тиісті шешімдер қабылданды.
Жәнібек БАЗЫЛБЕК.