Өлеңі – өмірі
27 ViewsАстанадан, облыс орталығынан шалғай ауылда тұрап-ақ, адам баласының рухани күшінің қайыспас қайсарлығын танытып, күйкі тірліктің шаңына көмілмей, көкірегінде тулап жатқан шалқар ойды өлеңмен өрнектеп…
Кез келген қоғамды дамытуға қажетті сұраныстардың қатарына мемлекеттік қызметшілер де кіреді.
«Мемлекет өркендеп, таза дамуы үшін, барлық шенеунік таза болуы тиіс. Бұл қызметте олар үлкен қиыншылықтарды көруі мүмкін, алайда, мемлекет мүддесі бәрінен жоғары тұруы қажет» деген екен Қытайдың ұлы ойшылы Конфуций.
Бұл нені білдіреді? Мемлекеттік қызметкердің өзіне жүктелген лауазымды атқаруында ар-ождан тазалығы, қызмет міндетіне деген жауапкершілігі, қиыннан жол тауып шығар алғырлығы, мінез байлығы деген ең қажетті ұстанымдарды ұштастыра білуі дер едім.
Жеке ар-ождан мен әдептілікті қай кезде болмасын ұйыстыра ұстау да оңай шаруа емес.
Естіп, көріп жүрміз, лауазымдық қылмыс пен заң бұзушылық жасап алып, өзінің бұндай әрекетке баруына түрлі тұрмыстық жетіспеушіліктер мен басқа да себептер әсер еткенін алға тартып, ақталып жататын мемлекеттік қызметшілер де бар. Бұл, әрине, үлгі ететін нәрсе емес. Рас, қазір сананы тұрмыс билеген уақыт. Лауазымды мемлекеттік тұлғаның жалақысының жоғары болуы, оның түрлі заң бұзушылыққа бармауының басты кепілі бола алмайтындығын уақыт көрсетіп отыр. Бізге әлі де болса, мемлекеттік қызметкерге деген заң, қоғам талабын жетілдіру керек деп ойлаймын. Мемлекеттік қызметке жаңадан қабылданған кез келген тұлғалардың, әсіресе, жеке жас азаматтардың білімінен бөлек, ар-ождан тазалығы мен әдептілігін, жеке парасатын таразылайтын тетіктерді күшейте түсу қажет сияқты. Өйткені, жастар еліміздің болашағы.
Мемлекеттік қызметке қабылданған әрбір жас азамат «қалай пайда табам?» деп емес, «мен еліме, қызметіме қандай пайда әкелемін?» деген ұстанымда болса, сыбайластық пен жемқорлықтың азайып, көзбояушылықтың жойылары сөзсіз.
Мұратбек Арыстанбек,
Абай ауылдық округінің әкімі.