Өлеңі – өмірі
26 ViewsАстанадан, облыс орталығынан шалғай ауылда тұрап-ақ, адам баласының рухани күшінің қайыспас қайсарлығын танытып, күйкі тірліктің шаңына көмілмей, көкірегінде тулап жатқан шалқар ойды өлеңмен өрнектеп…
Қазіргі таңда қоғамда туындайтын даулар мен келіспеушіліктерді шешудің баламалы жолдарының бірі – медиация. Медиация – тараптардың өзара келісімге келуіне көмектесетін бейтарап үшінші тұлғаның қатысуымен жүргізілетін дауларды реттеу тәсілі. Бұл әдіс сот ісін жүргізуге балама ретінде қарастырылады және тараптарға уақытты, қаржыны үнемдеуге, сондай-ақ, қатынастарды сақтап қалуға мүмкіндік береді.
Медиацияның басты тиімділігі – дауласушы тараптардың өзара түсіністікке қол жеткізуі. Сот процесінен айырмашылығы – мұнда екі жақтың да мүддесі ескеріледі, ал шешім тараптардың келісімімен қабылданады. Бұл тәсіл әсіресе отбасылық, еңбек және коммерциялық дауларда өте тиімді болып табылады.
Сонымен қатар медиация рәсімі құпиялылықты сақтауға мүмкіндік береді. Бұл іскерлік қатынастарда маңызды рөл атқарады. Себебі даудың мән-жайы көпшілікке жария болмайды. Уақыт пен қаражатты үнемдеуді де ерекше атап өткен жөн. Сот процестері айлап, жылдап созылуы мүмкін. Ал медиация бірнеше сағат не күн ішінде нәтижеге жеткізе алады.
Медиация қоғамда дауласу мәдениетін төмендетіп, бейбіт келіссөз жүргізу дағдыларын дамытуға ықпал етеді.
С.Қалқабаев,
аудандық соттың судьясы.