Өлеңі – өмірі
27 ViewsАстанадан, облыс орталығынан шалғай ауылда тұрап-ақ, адам баласының рухани күшінің қайыспас қайсарлығын танытып, күйкі тірліктің шаңына көмілмей, көкірегінде тулап жатқан шалқар ойды өлеңмен өрнектеп…
Тұрар Рысқұлов аудандық сотында Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабының 3-бөлігінің 3-тармағымен (ұрлық, яғни үйге заңсыз кіріп, бөтеннің мүлкін жасырын ұрлаумен) айыпталған азамат К. қатысты қылмыстық ісі қаралды.
Сот анықтағандай, сотталушы К.ағымдағы жылдың 12 сәуірінде кешкі сағат 20.30-да Т.Рысқұлов ауданы, Қарақат ауылының тұрғыны Ш.-ның үйіне заңсыз түрде кіріп, алтын бұйымдарын жасырын түрде ұрлап, жәбірленуші Ш.-ға жалпы құны 1 846 950 теңге мүліктік залал келтірілген.
Сотталушы өз кінәсын мойындап, жасаған әрекетіне өкініп, келтірілген зиян толық көлемде өтелгенін көрсетті.
Жаза тағайындау кезінде сот жауаптылықты жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлардың болуын ескерді.
Сот үкімімен К. ҚР ҚК 188-бабының 3-бөлігінің 3-тармағымен кінәлі деп танылып, оған 3 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу және бас бостандығын шектеу мерзіміне жыл сайын 100 сағат мерзімге мәжбүрлі еңбекке тарту жазасы тағайындалды.
«Құлан таңы» ақпарат.