Өлеңі – өмірі
27 ViewsАстанадан, облыс орталығынан шалғай ауылда тұрап-ақ, адам баласының рухани күшінің қайыспас қайсарлығын танытып, күйкі тірліктің шаңына көмілмей, көкірегінде тулап жатқан шалқар ойды өлеңмен өрнектеп…
Өткен жұмада Мэлс Өзбеков атындағы аудандық мәдениет үйінде «Әке – отбасының тірегі» тақырыбында форум өтті.
Форумға аудан әкімінің орынбасары Қайрат Исмаил, облыстық әкелер кеңесінің төрағасы Сәрсенбай Мыңбаев, аудандық ардагерлер Кеңесінің төрағасы Қожайхан Бижанов, аудандық Қоғамдық кеңес төрағасы Бейсенбек Әлпейісов, аудандық әкелер кеңесінің төрағасы Мырзабек Маңғұтов және өңірдің зиялы қауым өкілдері қатысты.
Форум барысында өскелең ұрпаққа дұрыс бағыт-бағдар беріп, ел игілігіне еңбек етіп жүрген өнегелі әкелердің тәжірибесі ортаға салынды.
Аудандық әкелер кеңесінің төрағасы Мырзабек Маңғұтов атқарылған істер бойынша есеп берді.
Сонымен қатар балалары түрлі салада жетістікке жеткен әкелер арнайы марапатталып, көпшілікке үлгі ретінде ұсынылды.
«Құлан таңы» ақпарат.