Санитарлық тазалық жұмыстары жүйелі әрі сапалы жүргізілуі керек

21 Views

Аудан әкімі Ернар Есіркепов кезекті аппарат отырысында санитарлық тазалық пен абаттандыру мәселесіне ерекше тоқталды. Әкімдердің бұл бағыттағы жұмысына сын көзбен қарап, оларға нақты тапсырмалар жүктеді.

Мемлекет басшысы бастамашы болған «Таза Қазақстан» жобасы, облыс әкімінің «ТазаLike» акциясы, сондай-ақ, ауданда қолға алынған «Құлан – мәдениет мекені» тұжырымдамасы тек сөз жүзінде емес, іс жүзінде орындалуы керектігін ескертті.
Сонымен қатар парктер мен скверлер, аялдамалар мен қоғамдық орындардың тазалығы – елді мекеннің мәдени келбеті екенін атап өтіп, жол белгілері мен ақпараттық баннерлерді назардан тыс қалдырмауды ескертті.
Сонымен қатар электр энергиясын үнемдеу бағытында нақты шаралар қабылдау қажеттігін де алға тартты.
Жиын барысында тазалық жұмыстарын тиісті деңгейде жүргізбеген кейбір ауылдық округ әкімдеріне ескерту берілді. Келесі жолы уәде беріп, үдеден шыға алмаған жауапты басшыларға қатаң шара қолданылатыны ескертілді.

Жәнібек БАЗЫЛБЕК.

Поделиться ссылкой:

Добавить комментарий