Өлеңі – өмірі
27 ViewsАстанадан, облыс орталығынан шалғай ауылда тұрап-ақ, адам баласының рухани күшінің қайыспас қайсарлығын танытып, күйкі тірліктің шаңына көмілмей, көкірегінде тулап жатқан шалқар ойды өлеңмен өрнектеп…
Құлан ауылында мемлекеттік қолдау арқылы сәтті іске асқан жобалар қатары күн санап артуда. Солардың бірі – кәсіпкер Марат Алғашбектің газоблок шығаратын цехы. Бұл жоба «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында жүзеге асырылған.
Бүгінде құрылысқа аса қажет газоблок өнімдері жергілікті жерде өндіріліп, ауыл тұрғындары тұрақты жұмыспен қамтылуда. Мұндай қадам – бір жағынан, ауыл экономикасын көтеруге сеп болса, екінші жағынан, тұрғындардың әл-ауқатын жақсартуға жол ашып отыр.
Кәсіпкер Марат мұнымен шектеліп қалмай, өндірістің аясын кеңейтіп, жаңа бағыттарды қолға алған. Атап айтқанда, қазір ол пластик терезе мен есік жасаумен де айналысуда. Бұл да ауыл ішінде сұранысқа ие қызмет түрлерінің бірі болып отыр.
Алдағы уақытта кәсіпкер өндіріс көлемін ұлғайтып, қызмет түрлерін көбейтуді көздейді. Осы арқылы ол тағы бірнеше жаңа жұмыс орнын ашып, ауыл жастарына мүмкіндік жасауды мақсат етіп отыр.
Мемлекеттік бағдарламаның тиімділігі дәл осындай табысты жобалармен айқындалып келеді. Кәсіпкер Марат Алғашбектің жетістігі – «Ауыл аманаты» жобасының ауыл тұрғындарына шын мәнінде серпін беріп отырғанының айқын дәлелі.
Егер сіз де осы жобаның қатысушысы болғыңыз келсе, өзіңіздің ауылдық округ әкімдігіне хабарласыңыз. Бастамаға батылдық, табысқа табандылық керектігін ұмытпаңыз.
Ақжарқын МҰРАТБЕК.