Құры сөздің емес, нағыз істің адамы
40 ViewsҚазір өкінішке орай, елдің қамын ойлағаннан гөрі өзінің жеке мүддесін ойлайтын адамдар көбейді, шыны керек. Сөйлесе кетсең, дүние-байлықты сөз етеді көбісі. Болмаса шыққан әулетін…
Өткен аптада Мэлс Өзбеков атындағы аудандық мәдениет үйінде Полиция қызметкерлерінің кәсіби мерекесі салтанатты түрде аталып өтті.
Мерекелік шараға аудан әкімі Ернар Есіркепов, аудандық мәслихат төрағасы Ербол Әбутәліпов, аудандық полиция бөлімінің басшысы Жасұлан Таникеев бастаған сала қызметкерлері мен ардагерлері қатысты.
Салтанатты жиын барысында жыл бойы үздік нәтиже көрсеткен тәртіп сақшылары марапатталып, олардың еңбегі ескерусіз қалмады. Сонымен қатар сала ардагерлері мен құқық қорғау қызметкерлерінің аналары да құрметке ие болды.
Жиын барысында аталмыш салада талай жыл еңбек етіп, басшылық қызмет атқарған Шалқар Дәулетқұловтың еселі еңбегі бағаланып, иығына шапан жабылып, кеудесіне медаль тағылды.
Кеш соңында мәдениет үйінің өнерпаздары әзірлеген концерттік бағдарлама көрермен назарына ұсынылды.
«Құлан медиа» ақпарат.